Жол дистанциялары жаңа көліктермен толықты

Аймақтар
28.06.2024, 10:49
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сыр бойының теміржолшылары үшін биылғы жыл берекелі болып тұр. Әсіресе жол шаруашылығы үшін игілікті істер қатары көп. Жол дистанциялары жаңа техникалармен толығуда.

Кеше ғана Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне 4 су жаңа көлік табысталды. Қытайдың ірі автомобиль құрастыру компаниясының зауытынан шыққан Dongfeng машиналары техникалық жағынан жоғары деңгейде жабдықталған.  

– Биылғы жыл біздің ұжым теміржолшылары үшін жағымды жаңалыққа толы. Жыл басында заманауи үлгідегі МПТ мотовозы берілген еді. Енді бүгін Сексеуіл жол дистанциясының теміржолшыларына жол қауіпсіздігін сақтауды арттыру мақсатында құрал-сайманмен қоса адамдарды және тек адамдарды тасуға арналған вахтовка сипатындағы 4 автокөлік табысталды. Қытайлық бұл автокөліктердің қызмет көрсету мерзімі 10-15 жылды құрайды, – дейді дистанция бастығы Мұрат Байділдаев.  

Көліктер 4WD, яғни толық жетекті, сыйымдылығы 7 және 40 адам арасын құрайды, 4 төмен, 4 жоғары жылдамдықтағы қозғалтқышы бар. Сондай-ақ климаттық бақылаумен, алдыңғы және артқы камераларымен жабдықталған. Артқы жағындағы бөлігінде құралдар салатын бүйірлік тақта бар, көліктің жүк көтергіштігі де жақсы. Жүргізуге де өте ыңғайлы деседі. Теміржолды қапталдап жүретін көліктің жол талғамайтындығы басқа көліктерден ерекшелендіріп тұрады. Жолшылар үшін де маңыздысы осы. Енді дистанция жұмысшылары Сексеуілдің ойлы-қырлы, құмдауыт даласымен теміржолдың кез келген теліміне кедергісіз әрі қауіпсіз қатынайтын болады.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда