Жолшыларға жайлы ғимарат берілді (Фото)

Аймақтар
01.07.2024, 16:19
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральды желі бөлімшесінің директоры Ербол Саулебеков аймақтың солтүстігіндегі Сексеуіл-Қоскөл телімінің 19-бекетінде жұмыс жасайтын Сексеуіл жол дистанциясының теміржолшыларына су жаңа, заманауи модульді-үйдің  кілтін табыстап, қуаныштарына ортақтасты.    

Сексеуіл-Қоскөл жаңа теліміндегі жолшылардың қуанышына ортақ болуға   бөлімше басшысымен бірге "Қазкөліккәсіп" ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов те барып, баспаналық модулінің пайдалануға берілу рәсімінде лента қию құрметіне ие болды.    

Бекеттегі тарихи сәттің куәсі болған теміржолшылар алдында бөлімше директоры Ербол Тәңірбекұлы Сексеуіл дистанциясының бастығы Марат Байділдаевқа модульдің кілтін табыстаса, жол дистанциясының ардагерлері Қартбай Қайыңбаев Сәулебеков пен Тағыберген Дихановтар жолшыларға құтты баспана болғай деп тілек білдіріп, батасын берді.  Дистанция басшылығы бекет басын мерекедегідей безендіріп, шатыр тігіп, құрбандық шалып дастархан жайды.    

Жалпы көлемі жүз шаршы метр аумақты алып жатқан жаңа модульдің ішінде адамға керектінің бәрі бар, жып-жинақы тап-таза, жарық екен. Қазіргі заман талабына сай адам баласына қажетті мұқтаждықтардың түгелін қанағаттандыратын жаңа модульді нысанды аралап көрген жолшылар риза болғандарын жасырмады. Ас-суын әзірлейтін, жуынып шайынатын, тынығып демалатын, тіпті күнделікті жұмыс жасайтын бөлмелері қарастырылып қана қоймай, барлық заманауи құрал-жабдық, жиһаздармен, өртке қарсы дабыл құрылғыларымен жабдықталған. Қысқасы,  бархан құмды тіліп теміржол төсеп,  жапан түзге тіршілік нәрін екен теміржолшы еңбегіне лайықты  жағдай жасалған.   

 

– Бөлімшеге қарасты Сексеуіл жол дистанциясының теміржолшылары үшін биылғы жылы заманауи модульді-баспананың 9 данасы берілетін болады. Бүгін соның алғашқысы телімнің 19-бекетінде жұмыс жасайтын жолшылардың игілігіне беріліп отыр.  Қазіргі таңда, модульдердің тағы да төртеуі пайдалануға дайындалуда. Қалғандары да өз ретімен биыл берілетін болады. Бұл бекетте вахталық тәсілмен жұмыс істейтін дистанция жолшылары (бір вахтада 8 жол жөндеуші) 102 квадраттық заманауи үлгідегі су жаңа модульді нысанның ендігі иелері  саналады. Компания басшылығының еңбеккерлердің әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасап жатқан шараларының бір көрінісі осы деуге болады. Кәдімгі баспанадан бір кемі жоқ,- деді Қызылорда магистральды желі бөлімшесінің директоры Ербол Саулебеков.

Ішінде жол шеберінің бөлмесі, 10 адамдық жатын орын,  асхана, дәретхана, жуынатын себезгі бөлмесі мен дәретханасы бар  нысан «Таза су» құрылғысымен жабдықталып, желісі тартылған. Баспана ауа желдеткішімен салқындатылып, электр қуатымен жылытылады.  

Сексеуіл жол дистанциясының жол жөндеушісі Қуаныш Мейрамбек  әріптестерімен бірге заманауи модульді баспананы аралап көріп, пікірімен бөлісті.   іп, осындай мүмкіндік жасаған басшылыққа алғыс айтты.

– Сексеуіл-Қоскөл телімі пайдалануға берілген бес алты жылдағы   жағымды жаңалықтың бірі болды.  Мен 2003 жылдан бері дистанцияда жол жөндеуші болып еңбек ететмін.  Вахталық тәсілмен осы бекетте жұмыс жасағандықтан жұмыс орнымыз екінші үйімізге айналды. Сондықтан мынадай су жаңа заманауи модульдің біздің бекетке берілгеніне бас басымыз баспаналы болғандай қуанып жатырмыз.  Бөлімше мен компания басшылығына алғысымызды білдіреміз,-деді әріптестері атынан Қуаныш Мейрамбек.

Қашан да теміржолшы мен басшылық арасында дәнекер болып жүретін сала кәсіподағының өкілі  Бауыржан Ахметов модульді үйдің кіреберісіне  қалы кілем сыйлады.

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті