Атырау вагон пайдалану депосы қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілуде

Аймақтар
01.08.2024, 10:48
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қызмет көрсету аясы Астрахань облысына таяу Ақсарай станциясынан бастап Бейнеу мен Қандыағаш аралығын қамтитын  Атырау вагон пайдалану депосы алғашқы жартыжылдықты жақсы көрсеткішпен қорытындылады.  

Осы аралықтағы вагондардың қауіпсіз қозғалысына жауапты деполықтар кінәсінен қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы, апатты жағдайлар, басқа да ақаулық орын алмаған. Депо учаскесінде вагондардың бұзылуы немесе Мақат, Құлсары, Сазанқұрақ станцияларында құю барысында цистерналардан сұйық жүктердің ағып кетуі тіркелмеген.  

Дегенмен, жүк және жолаушы пойыздарының 9 рет кідіру жағдайы орын алған, оның негізгі себептері: қысымның түсіп кетуі, ақауы бар вагондарды ағыту, техникалық дайындықтың дер кезінде болмауы, тежегіш жабдықтарының ақаулығы сияқты мәселелер. Вагон қараушылар ақауы анықталған вагонды техникалық күтім не қызмет көрсету  пунктіне жібереді. Ал слесарь, дәнекерлеуші, краншы, құрушылардан құралған бригада кешенді жөндеу жұмыстарына кіріседі. Бүгінде депоның 4 техникалық күтім және қызмет көрсету пункті, 2 бақылау пункті, 15 қауіпсіздік посты бар.  

«Өткен жылы КТСМ арқылы 77 503 пойыз бақылаудан өтіп, жоспар 99,52% орындалды. Вагон буксының қызуы, тежеу, сүйретілу жағдайларынан 22 пойыз тоқтатылған. Жыл басынан бері келіп түскен ақаулы вагондардың жалпы саны 2 554 болса, соның ішінде 334 жартылай вагон ағымдағы ағыту жөндеуден өтті. Олардың көбінде доңғалақтардың және тежегіштердің ақаулығы орын алған», – дейді депо бас инженері Рашид Мұсабаев.  

Деподағы күрмеулі мәселенің бірі – қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі. Соған орай биылғы жылы да өткен жылдағыдай қомақты қаржы бөлініп, оған жиынтық колодка, бұранда, құлып, тежегіш башмақтың втулкасы, ішкі серіппе, швеллер, ажыратылған кран, т.б. қосалқы бөлшектер мен техникалық құралдар алынған. Ұжымда жұмысшылардың біліктілігін арттыру мақсатында және қауіпсіздікті сақтау бойынша айлықтар өткізіліп тұрады. «Бүйір рамасын бақылау», «Назар аударыңыз: доңғалақ» айлықтарында техникалық және практикалық сабақтар өткен.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл