Үшінші буын өкіл

Аймақтар
02.08.2024, 10:15
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Жәдігер Асанбаев 40 жылдан аса уақыт бір жерде тапжылмай еңбек етіп келеді.

«Мен қарапайым теміржолшының ұлымын. Және оны әрдайым мақтан етемін. Әкем де, атам да жолшы болған. Мен үшінші буынмын. Әкем 40 жасында өмірден өтті. Атам 43 жыл Көпмола бекетінде жолшы болды. Қазақ жеріне келген теміржол құрылысына қатысқан, көзімен көрген ардагер. Солардың әңгімесін тыңдап өстік. Мамандыққа деген мақтанышымыз бала кезден сүйегімізге сіңген», – деді Жәдігер Асанбаев.

Жәдігер Әмиятұлы 1962 жылдың 5 тамызында Көпмола бекетінде дүние есігін ашыпты. Сол жерде білім алып, балалық шағы да теміржол бойында өткен. 1983 жылдың ақпанында әскерден оралған соң Көпмоладағы белгі беру және байланыс дистанциясында жұмысқа орналасады. Орал қаласында бір жыл оқып курсты бітіріп, мамандығына сай білім алады. Содан бері тапжылмай Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі болып еңбек етуде. 41 жыл ішінде бірде бір ескерту алмаған, ақау жібермеген.

Міндетіне вагон доңғалағының КТСМ бойынша жағдайын тексеру кіреді. Көпмола станциясы бойынша 90 шақырымға жауапты. Вагон доңғалағының қызуын, қалыпты қозғалысын тексереді. Шамамен бір айда мыңнан аса вагон доңғалағының қызуын тексереді.

«Вагон доңғалағының қызуы 140 градустан асса, тоқтатамыз. Біз үшін жүктің, жолаушының қауіпсіздігін сақтау маңызды. Белгі беру және байланыс дистанциясы теміржолдың күретамыры іспеттес. Байланыссыз қалса, қозғалыс та жоқ, пойыздар тоқтайды. Маған жүктелген міндеттің жауапкершілігін бірінші күннен түсіндім», – дейді кейіпкеріміз. 

Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясы – байланыс пен СОБ құрылғыларының ақаусыз, үздіксіз жұмыс істеуін қадағалап, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған тарихы терең байырғы мекеме. 

Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет