Модульдік жатақхана пайдалануға берілді

Аймақтар
16.08.2024, 10:10
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының Әйтеке би электрмен жабдықтау ауданында модульдік жатақхана пайда болды.

Жоса шағын бекеті аумағына орналасқан ғимаратта желі бойында жұмыс істеуге шыққан жұмысшылар демала алады. Жатақхана сыйымдылығы – 10 адам.  

Заманауи технологиялармен жабдықталған модульдік нысан – Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің алғашқы жатақханасы. Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Сәкен Орынбаев Әйтеке би электрмен жабдықтау ауданына арнайы барып, теміржолшылардың екінші үйін салтанатты түрде ашып, қуаныштарына ортақтасты.  

«Бұл модульдік жатақхана – ұлттық компанияның еңбекті қорғаудағы елеулі жұмыстарының бірі. Жол бойында жүретін теміржолшылардың жағдайын жасауға бағытталған игі шара. Желіге шыққан жұмысшылар кез келген уақытта осында демалып, ас-суын ішіп, тіпті қона жатып жұмыс істеулеріне болады. Ғимарат керек-жарақпен толықтай жабдықталған. Қыста жылуы, жазда салқындатқышы бар, жігіттер қуанып жатыр», – дейді Сәкен Орынбаев.  

Модульдік жатақхана іші кең. Он адамға арналған екі жатын бөлмесі бар. Жарық, жылу желілеріне қосылып, су тартылған. Тамақтану бөлмесі, санузел, салқындатқыш, киім кептіру шкафы бар. Жуынатын бөлмеге кең екі заманауи душ қойылған.  

Жоса бекеті электрмен жабдықтау дистанциясының бұл жердегі қызмет көрсету аумағының ортасы саналады. Әйтеке би станциясына қарай 80, Сарысай учаскесіне дейін 57 шақырым жер. Әйтеке би электрмен жабдықтау ауданы барлығы 137 шақырымға қызмет етеді. Жатақхана телімнің дәл ортасында тұр. Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы болашақта осындай модульдік жатақханалар санын арттырмақ.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды