Министр Маңғыстауға келді

Аймақтар
20.08.2024, 10:35
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстауға іссапармен келді. Теңіз порттарын дамыту жоспарының іске асырылу барысымен танысқан ведомство басшысы жергілікті тұрғындармен де кездесті. Түбек жұртшылығы министрге Бейнеуге жаңа вокзал салу, Маңғыстау – Ақтөбе бағытындағы жолаушы вагондарын жаңарту сынды теміржол саласына қатысты сауалдарын жолдады.

Ақтау, Құрық, Баутино теңіз порттары мен Саржа, Ерсай, Ақтау Солтүстік теңіз терминалдарының жұмысымен танысқан Марат Қарабаев Каспий теңізіндегі ірі көлік инфрақұрылымдарының қазіргі әлеуетінен де хабардар болды. Көлік министрлігінің хабарлауы бойынша, осы сапарда белгілі болғандай, бүгінде теңіз инфрақұрылымын дамыту аясында қосымша контейнерлік терминалдар салу, қайта тиеу техникасын жаңарту, логистиканы дамыту, кедендік және әкімшілік рәсімдерді оңайлату, сондай-ақ ТХКБ және Солтүстік-Оңтүстік дәліздерін цифрландыру жұмыстары атқарылуда. Жалпы, осы жұмысты іске асыру қорытындысы бойынша 2030 жылға қарай қазақстандық порттардың өткізу қабілетін ағымдағы 21 млн тоннадан 30 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған.  

Аталған жұмыстар ТХКБ-ны дамыту шеңберінде қабылданатын кешенді шаралардың бір бөлігі және осы маршрутта жүктерді тасымалдау бойынша өсіп келе жатқан қажеттіліктерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Өйткені бұл бағыт бойынша жүктерді тасымалдау көлемі уақыт өткен сайын артып жатыр. Мәселен осы жылдың өткен жеті айы ішінде 62 пайызға ұлғайып, 2,5 миллион тоннаны құраған. Былтырғы салыстырмалы мерзім ішінде бұл көрсеткіш 1,6 миллион тонна болған.  

Министр сондай-ақ Баутино теңіз портының акваториясындағы кемелер қозғалысын басқару жүйесінің жұмысымен де танысты. Навигациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және теңізде авариялық жағдайлардың туындау қаупін алдын алатын бұл жүйе биылғы тамыз айында Құрық теңіз портының акваториясында іске қосылған. Келесі жылы Ақтау портына жоспарланған екен.  

Бұл шараларды іске асыру СОЛАС-74 халықаралық конвенциясының талаптарына сәйкес Каспий теңізінің Қазақстандық секторында навигациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көрінеді. Одан бөлек қазіргі кезде Құрық порты акваториясының түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Алдағы уақытта аталған аумақта теңіз түбі 1,5-2 метрге тереңдейді. Бұл жұмыстарға еуропалық компанияның арнайы техникасы жұмылдырылған. Мұндай тереңдету жұмыстарын Ақтау портында да жүргізу межесі бар.  

Ал Бейнеуге вокзал салу мәселесіне келсек, бұл туралы Көлік министрлігінің телеграмдағы парақшасында хабарлауынша, бұл жайт министрліктің қарастыру жоспарында.

 

Инфрақұрылым
23.02.2026
«Қызылжар – Сексеуіл» учаскесін жаңғырту: өткізу мүмкіндігі 2,5 есе өсті
Қауіпсіздік
23.02.2026
Шиеліде өрт сөндіру пойызы дайындықтарын пысықтады
Аймақтар
23.02.2026
Семейдегі жас мамандардың ұсыныстары тыңдалды
Жүк тасымалы
23.02.2026
Болат жолдың болашағы
Инфрақұрылым
23.02.2026
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есе артады
Жаңалықтар
20.02.2026
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Инфрақұрылым
20.02.2026
Бақты-Аягөз желісінің құрылысы талқыланды
Қауіпсіздік
20.02.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Цифрландыру
20.02.2026
Теңіз порттарында электрондық жүйе енгізілмек
Спорт
20.02.2026
Шалқарда теміржолшылар арасында шағын футболдан жарысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
20.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №13 20 ақпан 2026 жыл
Жаңалықтар
19.02.2026
KAZLOGISTICS: жыл қорытындысы мен алдағы жоспар талқыланды
Аймақтар
19.02.2026
Теміржолшылардың жанашырлығы. Семей вокзалындағы ерекше оқиға
Жаңалықтар
19.02.2026
Орта дәліздің дамуы Әзірбайжан мен Орталық Азия елдерінің интеграциясын нығайтты
Инфрақұрылым
19.02.2026
Сапалы инфрақұрылым – қауіпсіз қозғалыс кепілі
Аймақтар
19.02.2026
Азаматтық қорғаныс: мұны әркім білуі тиіс
Жолаушылар тасымалы
19.02.2026
ҚТЖ Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар тағайындайды
Жүк тасымалы
18.02.2026
ТХКБ арқылы Бельгияға алғашқы пилоттық экспорт жөнелтілді
Жаңалықтар
18.02.2026
Алматы-1 вокзалының сейсмикалық төзімділігі күшейтілуде
Цифрландыру
18.02.2026
Теміржол саласын цифрландыру қалай жүріп жатыр?