Өрт сөндіру пойызының ұжымы әрдайым сапта

Аймақтар
22.08.2024, 12:39
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі таңда Арыс өрт сөндіру пойызында 13 адам жұмыс істейді. Мекемеде 1 өрт сөндіру пойызы мен 50 тонналық 2 цистерна және 1 өрт сөндіру көлігі және жеке вагон-гаражы бар. Вагон-гараждың негізгі мақсаты – сыйымдылығы 2,5 тонналық өрт сөндіру көлігін қажетті құрал-жабдығымен қоса платформаға тиеп алады да, пойыз жете алмайтын бұлтарыс-қалтарысты аумақтағы жалынды сөндіруге осы көлікті жібереді. Сол сияқты темір жолы жоқ жерде өрт тұтанса, пойыз мейлінше жақын жерге тоқтап, әрі қарай жоғарыда арнайы техниканың көмегіне жүгінеді. Демек, өрт сөндіру пойызы шойын жол шаруашылығына қатысты мекемелерде ғана шыққан өртті сөндірумен ғана айналыспайды. Төтенше жағдай орын ала кез келген нүктеге жол тартуға дайын.

Өрт сөндіру пойызының бастығы Әлімжан Есқараұлы ұжым жыл он екі айда 24 сағат жауынгерлік сапта тұратынын айтты.  

– Бізде 50 тонналық екі цистернамызды бір сағатта сумен толтырып беретін әлеуетке ие қуатты насостарымыз бен дабыл қағылған сәтте шұғыл аттанып кетуге сақадай сай жауынгерлік құрамымыз бар. Олардың барлығы қажетті жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген, – дейді өрт сөндіру пойызының бастығы.

Айтуынша, тілсіз жауды тізгіндеудің өз талабы бар. Төтеннен кірісіп, қауіпсіздік және басқа талап-ережесіз қимылдауға болмайды. Өрт сөндіру пойызының құрамындағы тіркемелі вагонда арнайы насосты станция жұмыс істейді. Мұнда мотопомпа мен электр генераторы, су соруға арналған бірнеше насос пен қосымша құрал-саймандармен қамтылған. Ал пойыз құрамындағы моторлы цех бөлімі 5 тонна көбік пен 20/100 «Гейзер» және 27/100 «ММ» мотопомпасымен жарақтандырылған. Айрықша атап өту керек, осы бөлімде биіктігі 14 метрге дейін жететін үш жақты жарықшамды мұнара мен 96 лампаға дейін тоқ бере алатын дизельді генератор бар. Батыс аймақтағы су тасқынына байланысты арнайы техникаларды Бадам станциясында тәулік бойы платформаларға тиеу кезінде аймақтағы теміржолшылар оның қызығын көрген. Себебі бұл пойыздың ерекшелігі сол өздігінен орталықтандырылған электрмен жабдықтау жүйесіне қосыла алады және автономды түрде де өзін-өзі электр қуатымен толық қамтамасыз ете алатын мүмкіндікке ие.  

Сонымен қатар өрт сөндіру пойызының құрамында кез келген сәтте аса қауіпті химиялық сұйықтықты сорып, қауіпсіз аумаққа айдауға арналған АЕЗ-104 сорғы құрылғысы мен АМП-80-S қосымша қысым беруге арналған насос та есепте тұр. Осындай техникалар мен құрылғыларды бір орталықтан басқарып, қызметін үйлестіретін вагон-штаб – басшылық құрам мен жеке құрамның негізгі кеңсесі. Өрт кезіндегі іс-әрекет осы жерден басқарылады. Ал жай күндері қызметкерлерге қауіпсіздік шаралары үйретіліп, техникалық шеберлік сабақтары өткізіледі. Өрт сөндірушілерге қажетті ақпараттық хабарламалар түсіндіріліп, таныстырылады. Оған қоса, штаб-вагонның бір қанатында демалыс бөлмесі мен ас бөлмесі және жуыну бөлмесі қарастырылған.

Өрт сөндіру пойызын арнайы нұсқаулық бойынша жылына екі рет тексерістен өткізіп тұру – міндет. Мұндайда вагон пайдалану депосының мамандары алдын ала бекітілген кестеге сай өрт сөндіру пойызымен арнайы сапарға шығып, вагонның жүріс бөлігін майлап, бақылаудан өткізеді.

– Сол сияқты әр тоқсан сайын оқу-жаттығу шарасы да ұйымдастырылып тұрады. Оның әрқайсысы арнайы тақырып бойынша алдын ала бекітіледі. Мысалы, бірде жолаушылар вагонына қатысты болса, келесіде локомотивтің отқа орануына қатысты іс-қимылдар пысықталады, – дейді өрт сөндіру пойызының бөлім басшысы Ардақ Айтжанов.

Қайбір жылы Шымкент іргесіндегі Текесу станциясында 3 500 тонналық жанармай қоймасы отқа оранғанда, Арыс өрт сөндіру пойызы оқиға орнына алдымен жетіп, тілсіз жаудың бетін қайтаруға кіріскен.  

– Өрт алапат болды, біз өрт ошағына жақын орналасқан 14 қойманы суытумен айналыстық. Яғни вагон цистернамен жеткізілген суды қойманың төбесінен үздіксіз себелеп отырдық, – дейді он жылдан бері аталған пойызда еңбек етіп келе жатқан өрт сөндіруші Еркін Жұмабекұлы.

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі