ҚТЖ басшылығы Павлодар өңірінің жүк жөнелтушілерімен кездесті

Аймақтар
29.08.2024, 09:50

Павлодар қаласында өңірдің ірі жүк жөнелтушілерімен ҚТЖ басшылығының кеңесі болып өтті. Жүк тасымалының ағымдағы мәселелері, жылыту маусымына дайындық пен үйлестірілген және тиімді жұмыс істеу жағдайлары талқыланды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2024 жылдың жеті айында Павлодар жүк тасымалдау бөлімшесі 44,5 млн тоннадан астам жүк тиесе, оның ішінде ТМД елдері бағытында 9,3 млн тоннадан астамы, ҚХР-ға 630 мың тоннадан астамы жөнелтіліп отыр. Өңірде көмір, темір кені, алюминий тотығын жеделдетілген маршруттық пойыздармен - бір жөнелтушіден бір алушыға тұтас құрамдармен тасымалдау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.  Ақсу-1 станциясынан Достыққа дейін экспресс-пойыздармен ферроқорытпалар жеткізіледі. Бұл тәсіл құрамдардың жүру уақытын қысқартып, жүктің сақталуын қамтамасыз етті.  Маршруттау Павлодар мұнай-химия зауытынан елорда арқылы шығыс және оңтүстік бағыттарға құйылмалы мұнай жүктерін тасымалдауда енгізілуде. Павлодар алюминий зауыты өз өнімдерінің 70% жүк маршруттарымен экспортқа жібереді.  

Жылыту маусымына көмір тасымалдау өңірде кесте бойынша жүріп жатыр.  Павлодарлық теміржолшылар ЖЭО,  МАЭС қоймаларындағы қатты отын қалдықтарына тәулік сайын мониторинг жасайды. Қатты отын қорлары 2024 жылдың тамыз айының соңында белгіленген нормалардан едәуір артты және 1,6 млн тоннадан асады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңі көрсеткішінен 11% жоғары.  

Павлодар және Ақмола облыстарының тұрғындары үшін 12 мың тонна қатты отын тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 20% артық. "Богатырь Көмір" ЖШС көмірді орташа тәуліктік тиеу 30-32 маршруттық пойызға дейін жетеді.

Кездесуде өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін компанияның жүк жөнелтушілерімен сындарлы диалог жүргізу қажеттілігі атап өтілді. Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар жүк жөнелтушілер теміржолдың 120 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды.  

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?