Техникалық күтім жоспарға сай жасалуда

Аймақтар
29.08.2024, 11:06
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылора белгі беру және байланыс дистанциясында биылғы жеті айда пойыздық және маневрлік, өндірістік жұмыстар кезінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы орын алмаған, тосын жағдайларға жол берілмеген.

Байланыс құрылғыларына  күнделікті бақылау мен күтім жасалмаса, ақау пайда болып, жұмыстан тыс қалуы әбден мүмкін. Сол үшін дистанцияда әрбір байланыс тетігіне күнделікті, апталық, айлық мерзімде, сосын бір жылда бір мәрте толық бақылау жүргізу регламенті бекітіліп, әр теміржолшының кәсіби міндеті белгіленген.

Жалпы жеті айда пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы орын алмағанмен, байланыс құрылғыларының ішінара кідірісі орын алып, СОБ құрылғыларының екі рет жұмыстан тыс қалуы тіркеліп отыр. Кідірістер жол, электрмен жабдықтау және өзге мекемелердің есебіне тиесілі болған. Мысалы сигналдық нүктенің релелік шкафтарындағы ТМ-15 RWD типті трансмиттерлік блоктың ақаулы болуы, фидердің қате қосылуынан сигнал беру тетігінің қызыл түс көрсетуі, шығыс сигналының көмескі көрінуі секілді белгілердің орын алуы жылжымалы құрамдардың кестелі қозғалысының өзгеруіне себеп болған. Алайда дистанция мамандары орын алған жағдайды дер кезінде реттеп, пойыздардың кідіріссіз өтуіне мүмкіндік жасаған.    

– Өткен жеті айда телімдердегі 24 станция мен 5 бекетте орналасқан белгі беру мен байланыс құрылғыларына техникалық күтім жасау жоспарға сай жүргізілді. Бірінде монтаждау жаңартса, енді бірінің тетіктері технологиялық талапқа сай ауыстырылды. Ал соңғы шілде айында Қызылорда мен Шиелі станцияларында электрожетекке монтаж жасалды. Анакөл, Тартоғай, Қызылтам, Бақтысай, Қаракеткен, Бәйгеқұм, Қараиірім станцияларында қуат көзі панелі тексеруден өткізіліп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бағытында едәуір жұмыс атқарылды, – деді дистанцияның техникалық бөлім басшысы Нұрлан Жүсіпбаев.

Жалпы дистанциялықтардың жұмысы техника мен құрылғылардың сенімді қызметіне қарай бағаланатынын ескерсек, қызылордалықтар көрсеткіші талап деңгейінде нәтижеленіп отырғанын атап өткен жөн.    

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда