Компания басшылығы шығыстағы теміржолшылармен жүздесті

Аймақтар
03.09.2024, 11:07
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптаның соңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы ел шығысындағы Семей өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келді. Бірқатар теміржол кәсіпорындарында болып, аймақ ахуалымен, еңбеккерлер жағдайымен танысты.

Басшылық сапары барысында әуелгі кезекте шаруашылықтардың алдағы қысқа дайындығы тексерілді. Соның ішінде өндіріс процесін ұйымдастыру мен еңбек қауіпсіздігі мәселесі басты назарға алынды. Осы ретте Семей вагон пайдалану депосында болған басшылық құрам ондағы жүк және жолаушылар пойыздарына техникалық қызмет көрсетудің жай-күйіне көңіл бөлді. Ол жайында мағлұмат берген депо басшысы Ерзат Хасенов өткен 7 айдың қорытындысына тоқталып, жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Осы мерзім ішінде ВЧД-23 мекемесі жүк тиеуге 80 мыңнан аса вагонды дайындап берген. Сонымен қатар техникалық тексеру пункттерінен 21,7 жүк вагоны, 11,8 мыңнан аса жолаушылар пойыздары сүзгіден өткізілген. Ал депоның Семей, Жаңа-Семей, Аягөз, Дегелең станцияларындағы цехтарынан 3 мыңнан аса вагон жөндеуден өткізілген. Бұл – қазіргі астық және көмір тасымалы кезеңі үшін жақсы көрсеткіш. 

Компания басшылығы сонымен қатар «ӘТЖК» ЖШС Семей филиалында болып, теміржол күзетінің заманауи тұрғыдағы жарақтандырылуымен де танысты. Бүгінде күзет қырандары ұзындығы 1394 км учаскедегі тасымалданатын жүктің сақталуын, ҚТЖ объектілерін қорғауды қамтамасыз етеді. Ведомстволық күзет атқыштары тәулік сайын 2 мыңнан астам вагонды күзетумен еріп жүреді. 

Компания басшылығы сонымен қатар Семей қаласындағы материалдық-техникалық жабдықтау базасындағы қоймалар, өндірістік үй-жайлар, гараждар, техникалармен де танысты. Материалдық база жұмысшыларының еңбек жағдайын жақсарту мақсатында магистральдық желі дирекциясы 2021-2023 жылдары 160 бірліктен аса тиегіштер, таразылар, арбалар сатып алған. Ал 2029 жылға дейін базалар 6 автокранмен, 27 жеңіл және жүк көлігімен, 9 автобуспен және 47 тиегішпен жабдықталуы жоспарланған. 

Әрі қарай ҚТЖ басшылығы Семей станциясының Отынэнергетикалық кешеніне барды. Бұл «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Отын ресурстары орталығы» филиалындағы ірі қоймалардың бірі. Қойманың жалпы ауданы 9,9 га. Қойма 14,8 мың тоннадан астам отынды сақтауға есептелген. 

Нұрлан Сауранбаев Семей торабының теміржол басшыларымен арнайы кеңес өткізді. Жиын барысында Достық – Мойынты учаскесін жаңғыртудан және Бақты – Аягөз желісін салудан кейін күтілетін жүк ағынын қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды дайындау бойынша жаңа міндеттер алға қойылды. Сала басшыларына жергілікті инфрақұрылымның техникалық жай-күйін жақсарту, әсіресе тораптық Жаңа-Семей жүк станциясын дамыту жөнінде тың шаралар қабылдау сынды нақты міндеттер жүктелді. 

Сондай-ақ ҚТЖ басшысы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевпен кездесіп, онда биылғы жылы қайтадан салынған балалар теміржолын жандандыру мәселесі талқыланды. Қазіргі күні бұл темір жолдың құрылысы әзірліктің соңғы сатысында. Сынақ режимінде Ресейдің Камбар машинажасау зауытында шығарылған вагондардан тұратын жылжымалы құрам іске қосылған. ҚТЖ басшылығы балалар темір жолын пайдалану процесінде, сондай-ақ мамандар даярлауда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Аталмыш жаңа жобаның көкжиегі кең. Мәселен, теміржолшы мамандығының негіздерімен таныстыратын балалар үйірмесін ашу көзделуде. Мақсат – өскелең буынның теміржол саласына қызығушылығын арттырып, алғашқы кәсіби дағдыларын қалыптастыру. 

Компания басшылығының өңірге жұмыс сапары барысында Абай атындағы театрда барша теміржол кәсіпорындары ұжымдарының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Басшылық сала қызметкерлерін Қазақстан темір жолының 120 жылдығымен құттықтап, ардагерлер мен үздік қызметкерлерді марапаттады.

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті