Семейлік теміржолшылар қысқа дайындалып жатыр

Аймақтар
12.09.2024, 12:29
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде алдағы қысқы маусымға даярлық барысы кең көлемде жүргізілуде. Бірінші кезекте желі бойындағы шаруашылықтарды дайындау назарға алынуда.

Семей магистральдық желі бөлімшесіне қарасты материалдық-техникалық жабдықтау базаларындағы қоймалар, өндірістік үй-жайлар, гараждар, сонымен қатар қармен күреске қолданылатын техникалар талапқа сай етілуде. Осыған дейін құрал-саймандарды сақтау жағдайлары, арнайы киім, жол машиналары үшін қосалқы бөлшектер мен жабдықтар, құралдар алынып, алдағы қысқа кең көлемде қам жасалған болатын.

Бүгінгі таңда бөлімшедегі материалдық-техникалық жабдықтау базасы қалыпты жұмыс істеп тұр. Өткен жылы қойма шаруашылығының ғимараты толыққанды жөндеуден өткізілген. Оның сыртында 2021-2023 жылдар кезеңінде арнайы тиегіштер, таразылар, арбалар сатып алынған болатын. Қазіргі болжам бойынша желі бойында қолданылатын техника жеткілікті саналады. Сондай-ақ қажетті жағдай туындаса, көршілес бөлімшелерден алдыру тәжірибесі де бар.  

Сонымен қатар Семей қаласында орналасқан «Отын ресурстары орталығы» қоймасы да қатал маусымға әзірлік жұмыстарының соңғы кезеңіне көшкен.  

2012 жылы күрделі жөндеуден өткізілген қойманың жалпы ауданы 9,9 гектарды құрайды. Жалпы қойма 14,8 мың тоннадан астам отынды сақтауға есептелген болатын. Қыркүйек айының алғашқы жұлдызындағы көрсеткіш бойынша онда жалпы көлемі 1557 тонна отын қоры бар.

Бұл ретте желі бойындағы тораптық станциялардағы көмірмен қамту мәселесі бірінші кезекте назарға алынуда. Арнайы техникалық көмір қоры жасақталуда.

Жалпы, қазіргі таңда НЖС-6-ға қарасты 234 нысан әзірлік шараларының соңғы кезеңінде. Әсіресе жол шаруашылығы бірінші кезекте назарға алынуда. Мәселен, Семей жол дистанциясына қарасты 39 нысан жаздың өзінде-ақ толық жөндеуден өткізіліп, керек-жарақпен мезгілінде қамтылды. Теміржолшылардың жылыну үйшіктері де қайта жаңартылған. Сол тәрізді жұмыстар Аягөздегі ПЧ-42, Жаңа-Семейдегі ПЧ-40 бойынша жұмыстар қазан айына дейін тәмамдалмақ.

Қысқасы, табиғаттың қытымыр мінезіне төтеп беріп жұмыс жүргізулері үшін жолшылардың қажеттілігі түгенделіп, техникалық жабдықтар жаңалануда.  

Мәселен, бағыттамалы бұрмаларды қар мен мұздан тазалауға қолданылатын пневмообдувкалардан 366 бірлік әзір тұр. Осы жұмыстар аясында жол дистанцияларына қарасты компрессор станциялары толығымен жөндеуден, қайта жабдықталудан өтіп, жолшылар игілігі үшін қызмет көрсетпек.  

Алдағы уақыттағы шаралар қатарында теміржолшыларды қатаң түрдегі аттестациялаудан өткізу тұр. Олар қысқы мезгілде жұмыс істеудің талап-тәртібін меңгергендіктерін толық дәлелдеулері керек.  

Ал НОД-ЖТеңбекті қорғау бөлімінің бастығы Сәкен Жұмаділовтің айтуынша, қазіргі таңда арнайы киім, қыстық шұлық және аяқ киіммен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Оларды шаруашылық бөлімінің мамандары желі бойындағы барлық мекемелерге уақытында жеткізіп беруде. Бұл жұмыстарды осы айдың соңына дейін толық аяқтау көзделуде.  

Алдағы уақытта барлық шаруашылықтар мен мекемелердің қысқа даярлық барысы тораптық жиындар барысында жеке қаралады. Жалпы, қысқа даярлық барысы алдағы қыркүйектің 18-і мен 4 қазан аралағында өтетін күзгі комиссиялық тесеру кезінде жан-жақты пысықталатын болады.  

 

Инфрақұрылым
23.02.2026
«Қызылжар – Сексеуіл» учаскесін жаңғырту: өткізу мүмкіндігі 2,5 есе өсті
Қауіпсіздік
23.02.2026
Шиеліде өрт сөндіру пойызы дайындықтарын пысықтады
Аймақтар
23.02.2026
Семейдегі жас мамандардың ұсыныстары тыңдалды
Жүк тасымалы
23.02.2026
Болат жолдың болашағы
Инфрақұрылым
23.02.2026
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есе артады
Жаңалықтар
20.02.2026
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Инфрақұрылым
20.02.2026
Бақты-Аягөз желісінің құрылысы талқыланды
Қауіпсіздік
20.02.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Цифрландыру
20.02.2026
Теңіз порттарында электрондық жүйе енгізілмек
Спорт
20.02.2026
Шалқарда теміржолшылар арасында шағын футболдан жарысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
20.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №13 20 ақпан 2026 жыл
Жаңалықтар
19.02.2026
KAZLOGISTICS: жыл қорытындысы мен алдағы жоспар талқыланды
Аймақтар
19.02.2026
Теміржолшылардың жанашырлығы. Семей вокзалындағы ерекше оқиға
Жаңалықтар
19.02.2026
Орта дәліздің дамуы Әзірбайжан мен Орталық Азия елдерінің интеграциясын нығайтты
Инфрақұрылым
19.02.2026
Сапалы инфрақұрылым – қауіпсіз қозғалыс кепілі
Аймақтар
19.02.2026
Азаматтық қорғаныс: мұны әркім білуі тиіс
Жолаушылар тасымалы
19.02.2026
ҚТЖ Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар тағайындайды
Жүк тасымалы
18.02.2026
ТХКБ арқылы Бельгияға алғашқы пилоттық экспорт жөнелтілді
Жаңалықтар
18.02.2026
Алматы-1 вокзалының сейсмикалық төзімділігі күшейтілуде
Цифрландыру
18.02.2026
Теміржол саласын цифрландыру қалай жүріп жатыр?