Сыр елінде жалғасқан сапар

Аймақтар
16.09.2024, 14:30
Суретті түсірген Олжас Ахметов
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Оңтүстік өңірлерге жұмыс сапары аясында ҚТЖ басшылығы Қызылорда облысына да ат басын бұрып, Сыр елінің теміржолшыларымен кездесті. Бірқатар мекемелерді аралап, олардың жұмысымен танысқан басшылық маңызды мәселелерді талқылаған кеңес өткізіп, Мәдениет үйінде өткен салтанатты іс-шарада салаға еңбегі сіңген қызметкерлерді марапаттады.  

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездескен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Қызылорда теміржол вокзалына барып, өткен жылы жөндеуден өткен 1905 және 1969 жылдары салынған қос ғимараттың санитарлық жағдайын және аумағын абаттандыру мәселелерін талқылады.  

Одан әрі  ҚТЖ басшылары Қызылорда қалпына келтіру пойызы мекемесіне, Қызылорда локомотив пайдалану депосы мен локомотив бригадаларының демалыс үйіне, Белкөл станциясындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс филиалының паркіне, жекеменшік тасымалдаушы «Марал-Нұр» ЖШС ғимаратына және «Теміржолсу» мен «Қазтеміртранс» мекемелерінің өңірдегі филиалдарына барып, жұмысымен танысты. Қорытындысы бөлімше ғимаратында тораптық мекемелер басшыларының қатысуымен өткен кеңесте сөз болды. Кеңесте  компанияның Аппарат басшысы Серік Кеулімжаев, Бас инженер Рамазан Садырқұлов және Магистральдық желі дирекциясының Бас инженері Қайырбай Орынбаев аймақтағы кадрлық, қауіпсіздік және еңбек жағдайына қатысты қысқаша мағлұмат беріп өтті. Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Батырхан Базарбаев аймақ теміржолының жалпы жағдайы, қысқа дайындық, еңбек қауіпсіздігін сақтау және тағы басқа мәселелер туралы баяндады.  

– Қысқы маусымға бөлімшенің дайындығы 90 пайызды құрап отыр. Көмірмен жабдықтау 100 пайыз орындалды, жоспарланған 276 тонна көмірдің барлығы алынып, таратылды. Ғимараттар мен қазандықтардың дайындығы жасалуда, – деген  бөлімше басшысы шешімін күткен мәселелерге де тоқталды. Атап айтқанда, бөлімшеге қарасты бір жолды перегондар үлесі 54,4 пайызды құрайды, бұл оның өткізу қабілетіне кері әсер етеді. «Теміржол станциялары мен телімдерінің өткізгіштігін арттыру бойынша жоспар-іс-шараларға» сәйкес бөлімшеде бірқатар жұмыстар қолға алыныпты. Мәселен, 2026-2030 жылдары Түркістан-Қызылорда және Қызылорда-Қазалы телімдерінде екінші жолдар салу, 2025 жылы Сексеуіл станциясы жолдарын ұзарту, 2023-20230 жылдары Сексеуіл станциясында жүк қабылдап-жөнелтетін жолдары бар жаңа парк салу, келесі жылы Сексеуіл станциясындағы тақ парктің жұп алқымын қайта құрудың 2 кезеңін жүзеге асыруды қарастыруда. Бөлімше директоры осындай маңызды жоспарымен бөлісті.  

Кеңес соңында компания басшысы өңірге қатысты кейбір өзекті мәселелер бойынша тапсырмалар берді. Сонымен қатар әлі күнге санмен белгіленетін шағын бекеттерге танымал тұлғалардың есімін беру және бірқатар пойыздарға Сыр елінің ерекшелігіне қарай атау беру, аймақта көлік-логистикалық орталық құру керектігі сөз болды.  Қызылорда өңірінің тағы бір ерекшелігі – аймақ теміржолындағы 6 вокзал тарихи мәдени ескерткіштер тізіміне енген. Н.Сауранбаев сол жәдігер ғимараттардың бастапқы архитектурасын бұзбай, тарихи келбетін сақтау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар ол ел теміржолы бойынша ең мықты жолшылар Сыр елінде екенін, сол брендті ұстап тұру – қызылордалықтарға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Ал бөлімше басшыларына қарапайым теміржолшының еңбек жағдайын жасап, керек жабдықтарымен толық қамтамасыз етіп, жалақы мәселесіне дұрыс қарауды тапсырды. Кеңесті қорытындылай келе жалпы бөлімшенің жұмысына оң баға берді.  

Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында қызылордалық теміржолшыларды биылғы мерейтоймен құттықтаған компания басшысы олардың жұмысына сәттілік тіледі. 28 теміржолшыны «Қазақстан теміржолына 120 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен және 6 адамды Құрмет грамотасымен марапаттады.  

Жаңалықтар
20.03.2026
Ақмола облысында теміржол инфрақұрылымының су тасқынына дайындығы тексерілді
Темір жол тарихы
20.03.2026
«Алтын кітап» қорына енді
Жаңалықтар
20.03.2026
ҚТЖ мен Huawei теміржол тасымалына ЖИ қолдану арқылы озық технологияларды енгізуді талқылады
Спорт
20.03.2026
«NAURYZ FEST»: Ұлттық өнер сайысы
Инфрақұрылым
20.03.2026
Стратегиялық маңызы бар бекеттердегі жөндеу жұмыстары
Спорт
20.03.2026
Тоғызқұмалақтан асық атуға дейін...
Жаңалықтар / Мұрағат
20.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №21 20 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
19.03.2026
ҚТЖ басшысы ҚХР технохабтарында болды
Әлемде
19.03.2026
Қытайда теміржол көлігіндегі инновациялар бойынша 10-шы жастар байқауы өтті
Инфрақұрылым
19.03.2026
Қызылорда және Ақтөбе теміржолшыларының бірлескен жұмысы нәтиже беруде
Әлеумет
19.03.2026
Өмір сыйла: ҚТЖ-да Донор күні өтті
Әлемде
19.03.2026
РЖД екі метрлік сөрелері бар яхта стилінде жасалған купе вагонын таныстырды
Жаңалықтар
19.03.2026
Астанада ТХКБ, ЭЫДҰ стандарттары және RES 2026 мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
18.03.2026
Алматы айналма желісінің жобасы ХҚК марапатына ие болды
Жолаушылар тасымалы
18.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар шығады
Жаңалықтар
18.03.2026
Қазақстанда жүк вагондарын тіркеудің жаңа қағидалары күшіне енді
ҚТЖ келбеті
18.03.2026
Сақ аруларының сарқыты
Жаңалықтар
18.03.2026
Көлік министрлігі су тасқыны кезеңіне теміржол инфрақұрылымының дайындығын пысықтады
Әлемде
18.03.2026
Қырғызстан «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасының қатысушыларын ҚҚС-тан босатты
Жаңалықтар
18.03.2026
Қазақстан мен Қытай шекарасында құрғақ порт ашылды