Жылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр

Аймақтар
20.09.2024, 09:10
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қатал маусымда ең қажеті – жылу. Қызылордалық теміржолшылардың қыстың қақаған аязында жылы жерде жұмыс істеу үшін дайындық қызу жүріп жатыр. Ғимараттардың жылу жүйесін тексеріп, тазалау,  пештерді қажетті техникалық, тұрмыстық отын-көмірмен қамтамасыз етіп, газ қондырғыларының жай-күйіне күтім жасау жұмыстары қарқын алған.    

Қарбалас жұмыстарды Насыр Абдулла басқаратын «Теміржолсу-Қызылорда» серіктестігінің тәжірибелі жұмысшылары атқаруда. Мекеме балансындағы 8 жылу қазандығының 5-уі көгілдір отынмен, қалған 3 қазандық қатты отынмен жылытылады.

– Тұтынушылардың жылу мен суға деген қажеттілігін өтеу үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Жылу қазандықтары сынақтан өткізіліп, жылу құбырларының қысқа дайындығы тексерілуде. Оған қоса жылу пештеріне қажетті қатты отынға алдын ала тапсырыс беріліп, ағымдық жөндеуден өткізілген көмір сақтайтын қоймалар тексеріліп, бақылау жасалуда. Жылу маусымында мекемеге қажетті 350 тонна қатты отын-көмір сатып алу үшін «Теміржолсу» АҚ-мен келісімшарт жасалған. Қазіргі кезде мекемеде былтырғы қордан 72 тонна қалдық көмір отыны бар. Жылу жүйесінің 1,621 шақырымы қысымды жуып-шаюдан өткізілді, – дейді мекеме бастығы Насыр Абдулла.

Аудан орталықтарындағы станцияларда орналасқан 8 жылу қазандығы қыс маусымына дайындық сынағынан өткізіліп, қажет жерінде жөндеу, тазалау шаралары жасалыпты. Бұған дейін қатты отынмен жылытылып келген, кей станциялардағы жылу қазандықтарының жылыту пештері 4-5 жылдан бері көгілдір отынға біртіндеп ауыстырылды. Жаңақорған, Шиелі, Белкөл және Тереңөзек станцияларындағы жылу қазандықтары бірнеше жылдан бері көгілдір отын-газбен жылытылатындықтан экологиялық тұрғыдан тиімді деп саналады. Төретам, Жосалы, Жалағаш станциялары бойынша НЖС және ГП мекемелеріне қарасты ғимараттар автономды электрлі пештерге алмастырылып жатыр.  

Алдын ала жасалған келісімшарт негізінде жұмысшылар қысқы арнайы киімдермен де жабдықталуда. Жылу қазандықтарының операторлары біліктіліктерін арттыру үшін арнайы дайындықтан өткізілген.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда