Жылға станциясында жаңа модулді ғимарат пайдалануға берілді (Фото)

Аймақтар
23.09.2024, 11:38
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс жол дистанциясына қарасты Жылға станциясында жаңа модульдік ғимарат пайдалануға берілді. Көлемі 16х6,7 метрді құрайтын нысанның жалпы ауданы 106 шаршы метрді құрайды.

Бүгінге дейін ескі ғимаратты құрал-сайман қоймасы ретінде пайдаланып келген жылғалық жолшылар осы күндері жаңа қонысқа көшіп, көңілдері марқайып жүр.

Жаңа ғимаратта жолды күтіп-баптаумен айналысатын мамандарға барынша жағдай жасалған. Ас бөлмесі мен жуынатын және жатып тынығатын бөлмеден бөлек, арнайы сабақ өтетін кабинет те қарастырылған. Сондықтан да бұл жерде бір мезетте 10-14 адам еркін қозғалып, қарқынды жұмыс жүргізуіне толықтай мүмкіндік бар.

Құстың ұясындай ғана ғимарат болғанымен, қыста – жылы, жазда – салқын. Әр бөлмесі шаршы метріне қарай арнайы салқындатқышпен қамтамасыз етілген. Арнайы жиһазбен жабдықталған асханада қысқатолқынды пеш пен диспенсердегі фильтрлі су да пайдалануға қолайлы жерге қойылған. Тоңазытқыш та бар, жұмысшылар үйлерінен алып келген ас-ауқатын сонда сақтайды.  

– Осы учаскеде еңбек етіп келе жатқаныма биыл 12 жыл. «Бұдан жаман күнде де тойға барғанбыз» демекші, осы кезге дейін темір жолды жағалап жүріп талай жыл тер төктік. Мынадай жағдай жасалғаннан кейін көңілің тоқ болып, еңбекке құлшынысың артатыны сөзсіз. Жігіттердің бәрі риза, салулы төсек, салқын үйде емін-еркін ас ішіп, жуынып-шайынып, дем алып, көсіліп жатуға да жағдай бар, – дейді жол шебері Аманкелді Сапарұлы.

Жұмысшылардың бір сәт бой жазып тынығуы үшін үлкен бөлменің қос қапталына 8 кереует қатар қойылып, ортасы екіжақты киім ілу шкафтарымен ыңғайлы етіп бөлінген. Ал гигиеналық бөлмеде екі душ кабинасы орналасқан. Өрт сөндіру құралдары да қолайлы жерге қойылып, темекі тартуға тыйым салу белгілері мен эвакуациялау жоспары да қабырғаның көзге түсер тұсына ілінген. Әрбір бөлмеге тартылған электр желісі арнайы қапталған. Үздіксіз ауа айналымы болуы үшін әр бөлмедегі төбе жабынының төменгі тұсынан арнайы тесік ойылып, оның беті реттелетін пластик тормен бекітілуі де тапқырлық екен дедік. Қысқасы, шағын жерде қажеттіліктің бәрі де өте ыңғайлы әрі қолжетімді етіп жасалғаны көз сүйсіндіріп, көз қуантады.

Арыс жол дистанциясының бас инженері Думан Әсілханұлы бұл өңір теміржолшыларына жасалып жатқан жағдайдың бір ғана бөлігі екенін айтады. Алдағы уақытта еңбек қорғауға бағытталған шаралар қатары артады.    

– Теміржол өткелдеріндегі кезекшілердің де жағдайын жасап, қыста жылы, жазда салқын жерде отырып жұмыс істеуін қамтамасыз ететін боламыз, – дейді дистанцияның бас инженері.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Ғалымжан Мұқажанов жетекшілік ететін Арыс жол дистанциясының ұжымы Түркістан мен Сарыағаш теліміндегі 3102 мен 3345-ші шақырым аралығындағы 243 шақырым шойын жолды күтіп-баптаумен айналысады. Бұл мекеме қызметкерлері Арыс пен Түркістан қаласындағы және Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Сауран, Отырар мен Ордабасы аудандарының аумағында орналасқан қолданыстағы 272,6 шақырымды құрайтын темір жолдағы қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Оның 218,1 шақырымын қос жылды, 54,5 шақырымын біржолды телім құрайды.

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті