Депутаттар теміржолшыларды референдумға қатысуға шақырды

Аймақтар
24.09.2024, 10:04
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы теміржолшылар қауымы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, ешбір шарадан шет қалған емес. Жуырда Жаңғызтөбе станциясында 6 қазан күні өтетін жалпыұлттық референдум жайлы кең көлемді талқылау болды.

Расын айтсақ, қырық жыл атом сынағының зардабын тартқан Семей өңірінің жұртшылығы үшін «атом» сөзі әлі де болса көңілге үрей салатыны жасырын емес. Сондықтан АЭС құрылысы бойынша өтетін референдум, жалпы облыс көлемінде жасыл экономикаға жататын аталмыш құрылыс туралы түсіндіру, ақпараттандыру шаралары кең көлемде жүргізілуде.  

Жаңғызтөбе вокзалында басқосуға «Amanat» партиясының облыстық филиалының төрағасы, Шар өңіріндегі теміржолшылар станциясының тумасы Қуаныш Сүлейменов, Жарма аудандық мәслихатының депутаты, Жаңғызтөбе станциясының бастығы Азамат Нұрғалиев бастаған қоғам белсенділері, теміржолшылар қауымы қатысты.  

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жайлы сөз қозғалып, АЭС құрылысы бойынша кең көлемде түсінік берілді. Теміржолшыларды алдағы өтетін референдумға бір кісідей қатысып, тарихи шешім жасауға шақырды.

– Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы көмір энергиясының үлесін азайтады. Бұл қазіргі уақытта әлемдегі ең жоғары энергия көзі болып табылады. Осылайша, атом электр станциясының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын жүзеге асырудың негізгі қадамы болмақ, – деді өз сөзінде Қуаныш Сүлейменов.  

Жиын барысында теміржолшылар тарапынан көптеген сауалдар қойылып, спикерлер барлық сұрақтарға жауап берді. Дәл осындай кездесу Шар теміржол торабында да өтті. Бөлімше бойынша ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті