Темір жолдың арқасында жан сақтап қалдық

Аймақтар
30.09.2024, 14:01
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Еңбек және тыл ардагері Жолдыбай Тілеулі – теміржолшылар қаласы атанған Шалқар өңірінің тумасы. Соғыс жылдары теміржолда қара жұмыс істеп, жасөспірім кезінде 13 жасынан еңбекке араласыпты.  

Бүгінде 98 жастағы қария әлі тың, өзі жүріп тұрады, құлағы естиді, көзі көреді. Өткен өмірінен естелік айтса, көзі жасаурап, қатты толқиды.  

«Соғыс кезінде 8 грамм нан беретін. Отбасына 200 грамм. Ол қарын тойдырмайды. Әкелген нанды бірден жеп қоямыз да күні бойы аш  жүреміз. 2-3 күн тамақ татпаған күндер болды. Әйтеуір сиыр сүтін айран қылып ішіп, жүрек жалғадық. Біз теміржолдың арқасында, жолдың жағасында тұрып жан сақтап қалдық. Соғыс кезінде таңнан кешке дейін теміржолдың басында жүретінбіз. Талай адамның аштан өлгенін көзіміз көрді. Оны аштық өтіп кеткен, құр сүлдерін сүйреткен адамдар зорға көмеді. Жұмыс ауыр, бәрін қолмен атқарамыз, зілдей ауыр рельс шпалдарды көтеріп, тасып, күні бойы жол жөндейміз. Талай қиын күндерді бастан кештік. Үстімізде бүтін киім болмады, шұрық-тесік, оны жамайтын жамау да жоқ. Қолғап деген атымен жоқ, аяқта қырық жамау киіз шәркей...  Қазір рахат, не ішем, не кием демейсің. Соның өзінде адамдар риза емес», – деп бас шайқайды қарт теміржолшы.  

Еңбек жолы Жұрын станциясында өткен қария соғыс кезінде мұғалімдер түгел соғысқа кетіп, бала біткен буыны қатпай жұмысқа жегілгенін айтады. Кейін соғыс біткесін, 18 жасында әскерге шақырылып, 4 жыл бойы Отанға қызмет етіпті.    

«Менің 2,5  кластық білімім болды. Әскерге алатын уақытта сауатың жоқ деп қайтадан мектепке жолдама берді. 3 айда 7 сыныпты оқып, емтихан тапсырдым. Содан кейін әскерге алып кетті. Соғыстан кейінгі ауыр жылдар ғой, әскерде де жұмыс көп болды. Үй салдық, теміржол салдық. Әскерден келгенде көргенім елдің жағдайы жақсарған. Халық кішкене тойынған, алба-жұлба емес, киімі де тәуірленген. Қайтадан теміржолға жұмысқа кіріп, 1987 жылға дейін станцияда кезекші болып еңбектендім. 40 жыл жұмыс істеп, зейнетке шықтым», – деді қарт.  

Теміржолдан зейнетке шыққан соң да қарап отырмай Қандыағаш қаласындағы Шилісай тыңайтқыш өндіретін фабрикада 12 жыл тағы еңбек еткен Жолдыбай ақсақал бүгінде заманына риза, немере-шөбере сүйіп, қызықтап отырған жайы бар. Қарияның 5 қызы бар екен, бәрі де бақуатты, жұмыс істейді. Қарт әкелерін кезек-кезек қарап, күтімін жасап отыр.    

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты