Батыс сапары қорытындыланды

Аймақтар
01.10.2024, 09:46
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптаны Батыс өңіріне арнаған ҚТЖ басшылығының сапары Ақтөбеде аяқталды. Алдымен Маңғыстау мен Атырау аймағын аралап, апта соңында Ақтөбеге аялдаған сала басшыларынан құралған топтың сапары жұма күні төрт тарапқа қызмет ететін Қандыағаш станциясынан басталды.

Ғасырдан аса тарихы бар кластан тыс сұрыптау станциясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев бастаған қонақтарды жергілікті бөлімше басшылары мен Ақтөбе облысы және Мұғалжар ауданы әкімдігінің өкілдері күтіп алып, Қандыағаш станциясындағы теміржол кәсіпорындарын аралады. Тоғыз жолдың торабындағы республикалық маңызы бар Қандыағаш станциясының қуаты мен мүмкіндіктері сөз болды. Қандыағаш станциясы автоматтандырылған басқару жүйесі бар, теміржол желісі бойынша ірі сұрыптау станциясына жатады. Қазіргі таңда станцияда 7 бірдей маневрлік локомотив бар. Тек сұрыптау паркінде 3 маневрлік локомотив жұмыс жасайды. Сұрыптау дөңесінің өңдеу қабілеті 8 айда тәулігіне орта есеппен 2 400 вагонды құраған.  

Басқарма басшысы бастаған топ станцияны түгел аралап шығып, өндірісімен, технологиялық жарақтандырылуымен танысып, оның жұмысына жоғары баға берді.  

Одан әрі облыс орталығы Ақтөбеге аттанған топ мұнда да бірнеше кәсіпорындардың жұмысымен, қысқа дайындығы, қауіпсіздік пен еңбек қорғау шараларымен танысып шықты. Бірқатар ұсыныстар айтылды.  

Сала басшылары ерекше назар аударған нысан – «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» болды. Теміржолдың цифрлық трансформациясы саналатын орталық жұмысы бүгінде толық қуатында жұмыс істеп тұр. Мұнда Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облысының диспетчерлері бір орталықтан бүкіл жол бойындағы қозғалысты қашықтықтан басқарып отыр. Орталық технологиялық дамуы мүмкіндіктерін мейлінше тиімді пайдалануға қол жеткізген. Оптикалық-талшықты байланыс желісі арқылы теміржол станцияларының құрылғыларын ұзақ қашықтықтан басқаруға мүмкіндік мол. Ұлттық компанияның тиімді жобасы болып танылған осы орталықтың арқасында экономикалық тиімділік, бизнес-процестерді жетілдіру, компания қызметін цифрландыру мен автоматтандыруға қол жетіп отыр.  

Бөлімше басшыларының қатысуымен өткен жиында «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Батыс» филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев сегіз айдағы жұмыс қорытындысын баяндады. Жалпы, Батыс өңірінің тиімді географиялық позицияға ие екеніне, көлік-логистика саласы үшін Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропа елдеріне транзиттік ағынның байланыстырушы буыны болып табылатынына ерекше тоқталып өтті. Өңір темір жолының пайдалану ұзындығы – 1833 км, оның шекарасында 115 бекет пен станция орналасқан. Бүгінде Ақтөбе ЖТ бөлімшесінде 4631 адам еңбек етеді. Бөлімшенің 8 айдағы жоспарды орындау көрсеткіші 100 пайызды құраған.  

«Жүк тасымалдауды жетілдіру және жылжымалы құрамды қайта өңдеу кезінде сұрыптау жүйелерінің жұмысын жеңілдету мақсатында филиалда барлық номенклатуралардың жүктерін маршруттау бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні маршруттық жөнелтулер жалпы тиеудің 70 пайызын құрайды», – деді Бөріхан Беркімбаев.  

Басқарманың мәжіліс залына өткен салтанатты жиынға жүздеген адам қатысып, алысжақын станциялардан арнайы шақырылған теміржолшылар келді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ төрағасы Нұрлан Сауранбаев ардагерлер мен өңірде еңбек етіп жүрген жолшы, күзетші, пойыз құрастырушы секілді қарапайым еңбек адамдары мен саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерді «Қазақстан темір жолына 120 жыл» мерейтойлық медальмен марапаттады.  

«Бұл мерейтой – бүкіл өмірін осы салаға арнаған аға-апаларымыздың, ардақты ардагерлеріміздің, бүгінгі күні аға буынның еңбек жолын табысты жалғастырып жатқан теміржолшылардың мерейі. Көрсеткіштеріміз өсіп жатыр, жаңа локомотивтер мен вагондар сатып алдық. Ірі жобалар іске асуда. Біздің жолымыз – темір, ал адамдарымыз – алтын», – деді сөз соңында кең таралған қанатты сөзге тоқталған Басқарма басшысы.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты