Атырауда жолды күрделі жөндеу аяқталды

Аймақтар
04.10.2024, 10:20
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жылға Атырау магистральдық желі бөлімшесіне берілген темір жолды күрделі жөндеу жоспары – 59,6 шақырым. Қазіргі уақытта оның соңғы шақырымдарын жөндеу аяқталуда.

Күрделі жөндеу жұмысы аймақта биылғы 24 наурызда Атырау жол дистанциясына қарасты Ганюшкино-Атырау учаскесінде, 15-разъезд-Аққыстау станциясы аралығында басталған болатын. Содан бері тынымсыз жұмыс жүргізген мердігер мекеме – «Интегра Констракшн» ЖШС жоспарды межелеп те қалды. Олар 26 қыркүйек күні Қызылқоға ауданы аймағындағы Жантерек-Кенбай учаскесінің 325,6- 326,9 шақырымы аралығындағы 1351 метр жолды 6 сағаттық «толаскез» алып, бес жарым сағатта уақытынан бұрын бітірді. Яғни бес сағаттан аса уақыт ішінде жол қайта ашылды. Сол секілді сенбі күні де сол учаскенің 326,9- дан 328,3-ке дейін 1350 метр жолы күрделі жөнделіп, қайта жаңарды. Екеуінде де «толаскез» күндіз 12:30 шамасында бастап, 6 сағатқа алынған.  

– Мердігерлер жұмысты шапшаң әрі сапалы жасады. Аталған участокта бұрынғы ағаш шпалдар түгел алынды. Әуелі жаңа мен ескінің түйіскен тұсы тазаланып, бұрандалары ағытылды. Алып кранмен ескі рельс шпалымен қоса қабырғасы қақырата сөгіліп, жерден көтеріліп алынды да, бос вагонға жиналды. Сосын тракторлармен рельсі алынған жол жыртылып, тегістеліп, салмақпен нығыздалып, жаңа темірбетонды шпалдар төсеуге әзірленді. Жердің негіздемесі төселіп, шебін төсеу, нығыздау, басқа да жұмыстар технологиялық талаптарға сай жасалды, – дейді Атырау жол дистанциясы, Доссор – Сағыз жол аралығы бастығының орынбасары Темірзақ Нұрбай.  

Жұмыс барысында ауыр жүктерді (темірбетонды бұрмаларды, бағаналарды, шпалдарды, ауыр техникалардың қосалқы бөлшектерін) көтеріп-түсіруге КЖ-562 маркалы краны пайдаланылып, ДУАМАТ, Унимат, ДГС, ПБР, ВПРС, т.б. машиналар да қолданылған. Жолға темірбетон шпалдар төселіп, 25 метрлік су жаңа рельстер салынған. Алдағы уақытта телімде жүк және жолаушы пойыздарының жылдамдығы артатын болады.  

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды