Министр ел шығысындағы жаңа теміржол жобалары жайлы айтты

Аймақтар
04.10.2024, 10:34
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев ел шығысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Семей қаласында жергілікті тұрғындармен, көлік саласы қызметкерлерімен кездескен сала басшысы еліміздің көлік инфрақұрылымы бойынша қолға алынып жатқан жобалармен таныстырды.

Министрмен өткен басқосуға Семей ЖТ бөлімшесінің басшылығы, станциялар мен бөлімдер басшылары да қатысты. Өз сөзінде Марат Кәрімжанұлы республикалық маңызы бар жолдардың құрылысы мен қазіргі жай-күйі, шығыстағы теміржол саласындағы қолға алынған жаңа жобалар туралы әңгімеледі.  

Министр қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан Жаңғызтөбе станциясы аумағында темір жол арқылы өтетін жол өтпесін салу жұмыстары министрлік назарында тұрғанын айтты. Сонымен қатар Семей теміржолы үшін вагон тапшылығын болдырмау мәселесі де кеңінен сөз болды. Бұл орайда министр аталмыш тарапта қолға алынған жұмыстар бар екенін жеткізіп, алдағы уақыттарда ел шығысы бойынша жүк тасымалын қамтамасыз ету үшін жергілікті вагон паркін жаңарту іс-шараларына да баса назар аударылып отырғанын айтып өтті.  

Сол тәрізді министр Семей шетінен салынатын айналма жол жобасы туралы да пікір білдіріп, келер жылы Бақты – Аягөз теміржолының құрылысы себепті жүктеме еселейтінін жеткізді. 60 шақырымдық айналма жол 2027 жылы қолға алынбақ. Сондай-ақ шығыстағы облыс тұрғындары үшін жағымды жаңалық, Қазақстанда тағы бір халықаралық теміржол қатынасын іске қосатынын жеткізді. Атап айтсақ, Қазақстанның Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі «Риддер-Новосибирск» халықаралық теміржол қатынасын қалпына келтіру туралы келісімге келген. Жаңа бағыт бойынша пойыздар биылғы 18 желтоқсаннан бастап төрт күнде бір рет жүре бастайды. «Ресей темір жолдары» АҚ қызмет көрсететін №407/408 халықаралық пойызы 250 жолаушыға арналған 6 вагоннан, 3 купе мен 3 плацкарт вагоннан тұрады. Пойыз ауаны баптау және бейнебақылау жүйелерімен, биоәжетхана кешендерімен, розеткалармен, мобильді құрылғыларды, гаджеттерді қуаттауға арналған USB порттарымен және әр орынның жанында жеке жарықтандырумен жабдықталады.  

Шығыстағы автокөлік жолдарының жай-күйі де кеңінен сөз болды. Министр жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» тасжолының құрылысы биыл аяқталатынын жеткізді. Қазір көпірлер мен жол өтпелеріндегі құрылыс жұмыстары жалғасуда. 2025 жылдың соңына дейін Шығыстағы ірі өнеркәсіп орталықтары мен туристік нысандарға апаратын 400 шақырым жол қалпына келтірілмек.  

– Мемлекет басшысы республика бойынша кемінде 10 мың шақырым жолды қамту үшін орташа жөндеу бағдарламасын кеңейтуді тапсырды. Сапа – басты басымдық. Барлық өңірлерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдар анықталды. Мысалы, Алтайға, Шемонаихаға, Серебрянскқа апаратын жолдар жөнделеді. Сондай-ақ Марқакөл, Рахманов бұлағы және Катонқарағай туристік нысандарына апаратын жолдар да жөндеуден өтеді, – деді министр.

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті