Кәсіподақ мүшелері марапатқа ие болды

Аймақтар
10.10.2024, 13:08
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстандағы Кәсіподақтар күніне орай Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде салтанатты жиын өтіп, белсенді кәсіподақ мүшелері марапатқа ие болды.  

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Орталық кеңесінің Атырау өңірі бойынша өкілдігінің төрағасы Боранбай Қамиев көпшілікті құттықтап, арнайы баяндамасында кәсіподақтың жыл ішінде жасалған жұмыстарына  тоқталып өтті. Атырау өңірі бойынша бүгінде барлығы 4453 кәсіподақ мүшесі бар. Жыл бойына көптеген мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің, зейнеткерлердің әлеуметтік, шаруашылық мәселелерін шешу жолдары, ағымдағы басқа да мәселелер қаралған.  

Кәсіподақ мүшелерін бөлімше бастығы Аслан Базарғалиев те құттықтап, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы дәнекер ұйымға жемісті жұмыс тіледі. Әрі қарай марапаттау салтанатына кезек  берілді. ҚТЖ бойынша жылда өтетін дәстүрлі футбол чемпионатында Атырау локомотив депосының командасы 1-орын алған. Соған сәйкес, депо басшылығы мен команда мүшелері Алғыс хат және арнайы сыйлықпен марапатталды. Самарқандта өткен жарыста атыраулық желаяқтар – Г.Толыбаева, Е.Жапаров, Е.Максимов 40 команда ішінде 9 орынды иеленді. Оларға да лайықты құрмет көрсетілді. Сондай-ақ цех кәсіподақ басшылары, кәсіподақ жұмысында белсенділік танытып жүрген қызметкерлер де Құрмет грамотасы, ҚР Кәсіподақ  федерациясының Алғыс хатымен, «Қазкөліккәсіп» медалімен марапатталып, ықыласқа бөленді.  

 

 

Инфрақұрылым
25.05.2026
«Мойынты – Қызылжар» теміржол желісінің құрылысы тәулік бойы жүргізілуде
Жаңалықтар
25.05.2026
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
Жаңалықтар
25.05.2026
ҚТЖ машинистері жыл басынан бері теміржол өткелдерінде 20 ЖКО алдын алды
Жолаушылар тасымалы
25.05.2026
Жазда пойызбен қайда баруға болады: Қазақстан бойынша танымал бағыттар
Жолаушылар тасымалы
25.05.2026
Биыл 28 мыңнан астам жолаушы «Күту парағы» арқылы билет рәсімдеді
Жаңалықтар
25.05.2026
Қазақстан Калифорнияда Транскаспий дәлізінің мүмкіндіктерін таныстырды
Әлемде
25.05.2026
Пәкістанда жолаушылар пойызы жарылып, 20 адам қаза тапты
Жаңалықтар
23.05.2026
ҚТЖ орталық аппараты қызметкерлеріне жолды жаңғыртудың заманауи технологиялары көрсетілді
Инфрақұрылым
23.05.2026
«Курорт-Бурабай» вокзалы маусым айында пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен ЕО Транскаспий дәлізін дамыту мәселелерін талқылады
Жүк тасымалы
22.05.2026
Қытай мен Ауғанстан арасында Түрікменстан арқылы өтетін жаңа логистикалық бағыт іске қосылды
Аймақтар
22.05.2026
Семей теміржолында кешенді жұмыс қарқын алды
Аймақтар
22.05.2026
Жаз маусымына дайындық бағаланды
Аймақтар
22.05.2026
Ардагерлер кеңесі өтті
Инфрақұрылым
22.05.2026
Ақтөбе вокзалында жолаушыларға барлық жағдай жасалады
Аймақтар
22.05.2026
Ардагер Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта орнатылды
Жаңалықтар / Мұрағат
22.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №39 22 мамыр 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
21.05.2026
Жол үстіндегі жиырма жыл
Әлемде
21.05.2026
Бішкектен Ыстықкөл жағалауына дейінгі пойыз маусым айында іске қосылады