Қызылордада тактикалық оқу-жаттығу өтті

Аймақтар
11.10.2024, 08:47
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-ЖТ» серіктестігінің «Отын ресурстық орталығы» филиалына қарасты Қызылорда отын қоймасында тұтанған шартты өртті өшіру» тақырыбында тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Аймақтағы төтенше жағдайға жауапты барлық мекемелердің қатысуымен өткен оқу-жаттығу жоғары деңгейде өтті деп қорытындыланды. Сексен шаршы метр аумаққа жайылған шартты өртті сөндіруге жалпы 45 минут уақыт жұмсалды. Оның ішінде 8 минутта төтенше жағдай залалсыздандырылды.  

Оқу-жаттығуға қатысушылардың шапшаңдығы, ситуацияны меңгеріп, тәсіл қолдана білуі, бағдарлы әрекет жасауы, техника мен құралдарды сауатты қолдана білуі, өзге құрылымдармен бірлесе әрекет етуі қауіпсіздік талаптары толық сақталып, ережеге сай болды.  

Отын ресурстық орталығындағы (ТЭК) екі жанармай резервуарының бірінен өрт шыққаны жайлы 17.00 сағатта дабыл қағылды. Орын алған төтенше жағдайдан екі бірдей оператор уланып, есінен танып құлап қалған. Қағылған дабыл бойынша оқиға орнына келген дәрігерлер тобы резервуар маңында құлап жатқандарды зембілге салып алып шығып, алғашқы көмек көрсетті.  

Орталық диспетчерлік қосын шұғыл дабыл қағылған бойда тиісті органдарға хабар берді.

Қызылорда өрт сөндіру пойызының жеке құрамы 17 сағат 05 минутта оқиға орнына келіп жетіп, өрт ошағын оқшаулауға кірісті. Алдымен өртенген резервуардың жанындағы резервуарға су шашып, салқындату шаралары жасалды. Өртенген резервуарға алдымен химиялық қоспасы бар су шашып, артынан екі өрт сөндіру техникасы арқылы арнайы көбікті су шашып, өрт ошағы сөндірілді.  

Оқу-жаттығу кезінде теміржолшылардың әрқайсысына бекітілген тапсырмаларды толық, сауатты әрі дәл орындауын «ӨС және АҚЖҚ» РММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ә.Баякеев, Қызылорда ЖТ бөлімшесінің бас инженері Күлхан Белкібаев, «Отын ресурстық орталығы» бастығы Алмас Сыздықов, Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бастығы Жетіскен Жұматов, облыстық өрт сөндірушілер, төтенше жағдайларды алдын алу мекемелерінің басшылары бақылау жасап, бағалады.  

– ҚТЖ мен Төтенше жағдайлар министрлігі арасындағы жоспарлы келісімдер негізінде Қызылорда станциясында өткен тактикалық оқу-жаттығуына АЦ-5-40 маркалы арнайы 11 өрт сөндіру көлігі, Қызылорда өрт сөндіру пойызы, техникалық көліктер, жедел жәрдем секілді жалпы алғанда 16 техника, станциядағы ДС, ПЧ, ӘТЖК, ШЧ, ЭЧ, ЖІІб мекемелерінің басшылары бақылап, 112 өрт сөндіруші қатысып, тапсырма толық орындалды, – дейді Қызылорда өрт сөндіру пойызының бастығы Рысбек Шадаев.  

Жаңалықтар
27.03.2026
ҚТЖ Бішкектегі ШЫҰ темір жолы басшыларының VI кездесуінде
ҚТЖ келбеті
27.03.2026
Темірден түйін түйген
Әлеумет
27.03.2026
Салт-дәстүр төрге озған күн
Жаңалықтар
27.03.2026
Дирекциядағы думан
Аймақтар
27.03.2026
Ұлық мереке көркі – ұлттық ойындар
Аймақтар
27.03.2026
Маңғаз Маңғыстауда
Аймақтар
27.03.2026
Атырау теміржолшылары Ұлыстың ұлы күнін атап өтті
Аймақтар
27.03.2026
Сәні мен салтанаты жарасқан
Аймақтар
27.03.2026
Түрксіб саябағындағы серуен
Аймақтар
27.03.2026
Теміржолшылар ауылында
Аймақтар
27.03.2026
Индираның наурыз көжесі
Жаңалықтар / Мұрағат
27.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №22-23 27 наурыз 2026 жыл
Аймақтар
26.03.2026
Донор бол – өмір сыйла!
Аймақтар
26.03.2026
Наурыз айы туғанда...
Жүк тасымалы
26.03.2026
Қазақстан ұны Америка нарығына жол тартты
Аймақтар
26.03.2026
Асығы алшысынан түсті...
26.03.2026
ҚТЖ-дағы тіл саясаты: Теміржолшылардың тәжірибесі жоғары бағаланды
Аймақтар
26.03.2026
Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр
Аймақтар
26.03.2026
Теміржолшылар ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті
Әлеумет
26.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясында қайырымдылық акциясы өтті