Жұмысшыларға жағдай жасалуда

Аймақтар
18.10.2024, 08:35
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, станциялардың өткізу қабілетін, пойыздар жүрісінің жылдамдығын арттыру үшін жол сапасы жақсы болуы шарт. Атырау магистральдық желі бойынша өткен жылы жоспар бойынша 99,97 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті. Ал биылға 70 шақырымдай жол күрделі жөндеуге берілген болатын. Нақты айтқанда, бүгінде орындалғаны – 67, 175 км.

Ағымдағы жылы бөлімше бойынша күшейтілген орташа жөндеу мен бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру жұмыстары да жүргізілуде. Яғни Атырау жол дистанциясы бойынша Аққыстау, Мақат, Сағыз, Мұқыр, Кенбай, Жамансор станциялары аралығында барлығы 15,276 шақырым жолды күшейтілген орташа жөндеу белгіленген. Қазіргі уақытта оның басым бөлігі жөнделіп біткен. Сондай-ақ ПЧ-9 бойынша биылға 33 жиынтық, бағыттамалы бұрма салу жоспарланып, қазіргі уақытта ст. Мақат, Рзд 377, ст. Теңдік, ст. Аққыстау, Рзд 15, Кенбай, Жамансор жолдарында 20, ПЧ-11 бойынша 4 бағыттамалы бұрма ауыстырылған.  

Қыстың қытымыр аязы мен жаздың шіліңгір ыстығында күн-түн демей далада жел өтінде жүретін теміржолшылардың еңбегі оңай емес.  

Әсіресе жолшы, пойыз құрастырушы, байланысшы, электриктер мен электромеханик, т.б. ауа-райымен санаспайтын мамандық иелеріне дамылдайтын орын аса қажет. Соған орай оларға жұмыс учаскелерінде әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау «ҚТЖ» ҰК» АҚ бағдарламасында көрсетілген.  

– Былтыр өңірлерге жылыну пункттерін қайта жасақтау үшін бес тонналық 95 контейнер жеткізіліп, Атырау жол дистанциясына 50 дана, Құлсары жол дистанциясына 45 дана контейнер бөлінген болатын. Олар өңірдегі барлық станциялар мен разъездерге орналастырылып, жұмысшылар игілігіне берілді. Сонымен қатар Атырау жол дистанциясына модульді үйлер де жеткізіліп, олар Нарын, Махамбет, Қарабатан станцияларында және шағын бекеттерде орнатылды, – дейді бөлімше бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Аманқос Жылқыбаев.  

Инвестициялық бюджетке сәйкес биыл тағы да 14 модульді үй жеткізіліп, олар 84 жұмысшының жайлы демалуы мен жұмысына қолайлы болды. Олар Таскескен, Сазанқұрақ, 496, т.б. станция-разъездерге орнатылды. 12,5х2,70 мөлшердегі ол үйде жатын бөлме, ас дайындайтын және ішетін, жуынатын бөлме, теледидар, тоңазытқыш, жазда салқындатқыш, қыста жылыту пештері де бар. Күндіз-түні далада жүретін, кейде қонып қалатын жұмысшылар үшін бұл үйлердің көмегі зор. Ішінде барлық жағдайы бар. Ұялы байланыс та ұстап тұр. Одан бөлек 4 дана DONGFENG маркалы су жаңа вахталық және жүк автокөліктері жолшылар мен энергетиктерге берілді. Мақат қалпына келтіру пойызы да 1 жаңа бульдозер алды.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды