Жат ағымнан сақтандырды

Аймақтар
18.10.2024, 08:54
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолдағы жастар қауымы үшін танымдық-тағылымдық мақсаттағы және ақпараттық тұрғыдан берері мол жиындар соңғы уақыттарда көптеп өткізілуде.

Қыркүйек айында Аягөз аудандық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Мұрат Жанатаев «Жат ағым» тақырыбы аясында бірқатар теміржол мекемелерінде болып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсат – теміржолшыларды жат ағымдардан сақтандыру, өңірдегі діни экстремизм көріністерінің алдын алу. Мұндай ақпараттандыру жұмысы Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясы мен ТЧЭ-25, ПЧ-42 мекемесінде, сонымен қатар «Қамқор вагон» ЖШС-ның Аягөз филиалында және Аягөз станциясында ұйымдастырылды.  

Жиындар барысында террористік тұрғыдан осал нысандардағы лаңкестік шабуыл жасау қаупі кезіндегі іс-қимыл ережелері де түсіндірілді. Дәстүрлі емес діни ағымдардың өз қатарларын толықтырудағы психологиялық әдіс-тәсілдері туралы да кеңінен ақпарат берілді.  

Жалпы, Аягөз – аймақ бойынша діни ахуал аса құбылмалы өңірлердің бірі екендігі жасырын емес. Осыдан біраз жыл бұрын экстремистік идеялардың ұшқыны байқалып, дер кезінде тазартылған болатын. Діни радикализмді жұқтырып алған албырт жастардың арасында теміржолшылардың болғаны да рас. Осы орайда алдын алу шараларының берері зор екендігі анық.  

– Арандатушылық әрекеттерге жол бермеудің маңыздылығы зор. Осы орайда діни алауыздық пен радикализмнің жолына тосқауыл қойып, экстремизм мен лаңкестік көріністеріне жол бермеуде дінтанушы теологтармен бірлесіп жұмыс жүргізілуде, – дейді бұл орайда пікір білдірген Аягөз жол дистанциясы бастығының орынбасары Болат Мұстафаев.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда