Жылу қазандықтары қысқа дайын

Аймақтар
24.10.2024, 16:47
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде қысқа дайындық шаралары бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Биылғы жылға 15 іс-шара жоспарланған екен. Оның ішінде алты іс-шара толыққанды орындалса, қалған 9-ы жыл аяғына дейін жүзеге асырылмақ. Жұмысшылар қысқы жұмыс киімімен және қауіпсіз аяқ киіммен толық қамтамасыз етілген.

Өндірістік-техникалық бөлім бастығы Әзиз Айжарықовтың мәліметінше, биыл жоспар бойынша  21 бірлік қазандықты дайындау қажет болса, қазіргі таңда оның 18-і іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Қалған 3 қазандық та жөндеуден өтіп, бірер күнде қолданысқа берілмек. Елуге жуық ғимарат пен құрылыстар қыс маусымына дайындалып, теміржолшылардың алаңсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отыр.  

Екінші жартыжылдыққа арналған мақсаттар мен міндеттер қатарында қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу деңгейін төмендету, нөлдік жарақаттануға қол жеткізу бар. Сонымен қатар Теңдік станциясы бойынша «БатысТрансГрупп» жүк жөнелтушісімен мұнай өнімдерін тиеуді 2 281 020 тоннаға немесе тәулігіне 12 396 тоннаға жеткізу, ғимараттар мен жылыту желілеріне жөндеу жүргізу, дизель отынының шығынын азайтуына қол жеткізу көзделген. Өткен мерзімде отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша, дизельдік отынның артық шығыны 900 тонна 655 кг құраған, нақты үлесті тұтыну 20,47 кг/өлшемді құрады. Өткен жылдың үлестік шығыны 20,93 кг/өлшемімен салыстырғанда,  549 тонна 207 кг дизель отыны үнемделді. Жалпы, пойыздың орташа салмағы 678 тоннаға төмендеуі, бос вагондар пайызы артуы, телім жылдамдығының коэффициенті 96,3%-ға төмендеуі, жанармай шығынын арттыруға әкелетін факторлар.  

«Дизель отынын көп тұтынудың тағы бір маңызды себебі Батыс өңірінде желдің екпіні 15-20 м/секундқа дейін күшейіп, ауа райы жағдайының нашарлауынан болады, бұл дизель отынының өзіндік шығынының 15%-ға өсуіне ықпал етеді» дейді маман.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды