Жауапкершілік жүгі ауыр қызмет

Аймақтар
29.10.2024, 09:08
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол саласындағы өрт сөндіру қызметінің орны ерек. Тәулік бойы кезекшілікте тұратын өрт сөндірушілерді теміржолдың құтқарушылары деп бекерге айтпаса керек. Қауіп пен қатерге толы қызметті абыроймен алып жүрген өрт сөндірушілер қатарында Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіне қарасты алты өрт сөндіру бекетінің ұжымы да бар.

– Тоғыз айдың ішінде теміржол мекеме басшыларына 125 ескерту парақтары берілді. Бұл – қауіпсіздікті сақтауға бағытталған жұмыстар. Локомотив, арнайы жылжымалы құрамалардың мұржасынан шыққан ұшқын немесе сөндірілмеген темекі тұқылы, бөтелке шынысының өзі қураған шөпке түссе, өрттің шығуына басты себеп болуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік барынша сақталуы тиіс, – дейді Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Әділ Құбаев.  

Айтуынша, темір жолдағы өрт сөндірушілердің жұмысынан үлкен жауапкершілік талап етіледі. Кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсалып, апатты жағдайларда жапа шегушілер болса, оларға алғашқы жәрдем көрсетіледі. Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінде Шалқар, Қандыағаш, Әйтеке би, Шұбарқұдық, Ақтөбе өрт сөндіру пойыздары және Тассай өрт сөндіру бекеті тәулік бойы кезекшілікте жұмыс істейді. Тәжірибелі құтқарушылар аз емес. 

– Құтқарушылардың жұмысы кейде олардың өз өміріне қауіп төндіріп жатады. Соған қарамастан олар адам өмірін құтқаруға, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздікті сақтауға, апаттық жағдайға жол бермеу, егер ондай төтенше оқиға орын алған жағдайда салдарын жоюға күштерін жұмылдырып, бастарын қатерге тігіп жатады. Осы ретте өрт сөндіру қызметінің жұмысын ұтқыр ұйымдастырып жүрген тәжірибелі өрт сөндірушілер С.Тұрмағанбет, М.Ержанов, Н.Төленов сынды азаматтардың зор еңбегін атап өтер едім, – дейді Әділ Құбаев.  

Биыл жаз айларының жауын-шашынды болғаны ауылшаруашылығына қолайлылық танытты. Алайда, теміржол жиектерін арамшөп қаптап, өрт қаупі туындаған. Осыған орай, салаға жауапты мамандар негізгі күшті теміржол бойын таза ұстауға жұмсаған екен.  

 

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі