Вагон шаруашылығының артериясы

Аймақтар
05.11.2024, 08:51
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Негізі бұл бөлімді вагон шаруашылығының артериясы деуге болады. Себебі дәл осы өндірістік техникалық бөлім вагон пайдалану депосына қарасты барлық құрылымдық бөлімшелерді техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіп отырады.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының Жамбыл вагон пайдалану депосына қарасты 6 техникалық қызмет көрсету, Сарышаған, Шу, Таразда ағымдағы ағытпаны жөндеу және 2 жүк тиеуге арналған вагондарды дайындау, Шуда тежегіш жабдықты жөндеу пункттері бар. Оған аталған құрылымдардың ғимараттары мен жөндеу цехтары, вагондарға техникалық қызмет көрсететін автокөліктерін қосыңыз. Бәрі тұтас бір жүйені құрайды. Қызметі бөлек болғанымен, барлық құрылымдардың міндеті ортақ. Ол – вагондардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету. Осы тұтас жүйеге жан беретін – депоның өндірістік техникалық бөлімі.  

– Техникалық бөлімге жыл соңында барлық пункт пен цехтар керек құрал-жабдықтарға сұраныс береді. Біз соған қарай жылдық жоспар жасап, Жамбыл бөлімшесіне тапсырыс береміз. Әрі қарай ол құжат Астанаға жіберіледі. Келген жабдықтар сұранысқа сай ма, нақтылап, қабылдап алып, орталық қоймаға жөнелтеміз. Кейін қажетінше техникалық қызмет көрсету пункттеріне таратып береміз. Ғимараттардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына, автокөліктерге қажетті құрылғылар да ұдайы назарда. Еңбек және қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында арнайы зерделеу жүргізіп тұрамыз. Сол үшін тиісті жоспарлы іс-шараларды ұйымдастырамыз.  

Көктемгі-күзгі байқау кезінде пункттерді аралап, не жетпей жатыр, қандай құрал-жабдыққа сұраныс берілмеді, соны саралаймыз. Тексеру кезінде дайындық жұмыстары қалай жүргізілгенін қадағалаймыз. Егер өз деңгейінде атқарылмаса, ескерту жасап, тиісті мекемелерге хат жазамыз, – дейді Жамбыл вагон пайдалану депосының өндірістік- техникалық бөлімнің бастығы Бақытжан Сыздықбаев.  

Жалпы мұнда бөлім бастығын қосқанда 4 маман жұмыс істейді. Бәрі өз ісіне маманданған, жауапкершілігі жоғары қызметкерлер. Соның арқасында өндірісте жұмыс кідіріссіз жүріп келеді. Жабдықтау қызметін дер кезінде атқарып келеді. Бөлім жұмысын 20 жыл бойы үздіксіз басқарып, тірлігінен шашау шығармай отырған Бақытжан Шымкентбайұлы жуырда «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталды.  

– Еңбегімді елеп, мені теміржолшылар үшін ең абыройлы саналатын марапатқа ұсынған депо, Жамбыл бөлімшесі филиалының басшыларына рахмет айтамын. Бұл – менің ғана емес, депоның жүрегі саналатын біздің бөлімнің жұмысына берілген баға, – деп ой бөлісті Бақытжан Сыздықбаев.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды