Кәсіби шеберлік сайысы өтті

Аймақтар
08.11.2024, 09:30
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбедегі теміржол колледжінде республикалық кәсіби шеберлік сайысы өтті. Оған еліміздегі теміржол саласына мамандар дайындайтын оқу орындарының ұстаздары қатысты.

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжіне өткен шара екі күнге жалғасты. Өзара әріптестік байланыс орнатып, техникалық және кәсіптік білім беру шеберлігімен бөліскен ұстаздар тәжірибелік сабақтар да өткізді.  

Шараға Ақмола, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жезқазған, Тараз облыстарынан 31 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері келді. Олар автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару, теміржол көлігінің көтергіш-көлік, құрылыс-жол машиналары мен механизмдерін техникалық пайдалану, темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару мамандықтары бойынша практикалық дайындықтарын көрсетті.  

«Өтіп жатқан шара теміржолшы мамандығының дәрежесін көтеріп, мерейін арттыруға ықпал етеді. Шеберлік байқау тәжірибелік негізде өтті. 1300 студент білім алатын біздің колледжді жылына 300 түлек бітіреді. Бәріне мемлекеттік грант бөлінген. Сондықтан жұмыспен қамту жоғары деңгейде», – деді колледж директорының орынбасары Марат Рамазанов.  

Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар марапатталып, ұстаздар қауымы мұндай шараның білім беру деңгейін арттыратынын жеткізді.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты