Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай аға буынға құрмет көрсетілді

Аймақтар
13.11.2024, 15:15
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан темір жолының 120 жылдық мерейтойына орай Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы мен кәсіподақ ұйымы «AMANAT» партиясы бастауыш ұйымының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аға буынның басын қосып іс-шара өткізді.

Түркістан мен Сексеуіл станциялары арасындағы бөлімшеге қарасты мекемелердің басын қосқан шараға аймақ жолының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлер арнайы шақырылды. Олардың қатарында  Ахмедияр Пірімбетов, Тұрсын Мәденова, Рахметулла Нұрымбетов, Махмут Майгелдиев, Ұлықпан Бақиев, Ораз Өмірзақов, Жахмет Аманжолов, Бақытжан Жолмырзаев, Нұрділда Орынбаев, Тәңірберген Ақпанов, т.б. болды.    

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков ғасырдан астам тағлымды тарихы бар шойынжолдың дамуы кешегі-бүгінгі ардагер ағалар мен апалардың ерен еңбегінің нәтижесі екенін жеткізіп, өнегелі істері сала мамандарына мәңгі үлгі болатын аға буынға бүгінгі теміржолшылар атынан алғыс айтты.

– Ел экономикасының күретамыры саналатын теміржол саласында төккен тер, еткен еңбектеріңіз ешқашан ұмтылмайды. Сіздер салған соқпақ біздер үшін даңғыл жолдың бастауы болып саналады. Дендеріңізге сау, өмірлеріңіз сәнді де мәнді болсын, – деген бөлімше директоры Ербол Сәулебеков ардагерлерді «Қазақстан темір жолына 120 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.    

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты