«Білім экспресі» – Арыста

Аймақтар
19.11.2024, 09:30
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Жылжымалы даму орталығы ретінде танылған «Білім экспресі» мектебінің кезекті жиыны Арыс қаласындағы локомотив пайдалану депосында өтті. «Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филиалының атсалысуымен ұйымдастырылған жиын 2 күнге созылды.

Семинар-тренингке «Жүк тасымалы» ЖШС мен Магистральдық желі дирекциясының Шымкент филиалына қарасты үлкенді-кішілі кәсіпорын-мекемелердің 50-ге жуық қызметкері қатысты. Біліктілікті арттыру шарасын ҚТЖ-ның «Теміржол көлігіндегі персоналды дамыту мен бағалау орталығы» филиалының тәжірибелі мамандары жүргізді.  

– Өткен жылдан бері тәжірибелік білімді «Есіктен – есікке» жобасы аясында аймақтардағы станция, деполарды аралап жүргізіп келеміз. Мақсатымыз – шалғай учаскелерде еңбек ететін теміржолшыларды өндірістік жарақат алудан сақтандыра отырып, адами құндылықтарға ден қоюға баулу. Ал курсымызды тәмамдаған мамандарға арнайы сертификат табысталады, – дейді семинарды жүргізуші Адами ресурстарды басқару департаментінің HR бизнес-серіктесі Алма Сәулебаева.  

Айта кетейік, жиынға жетекшілік еткен Алма Тұрарқызының темір жол саласындағы еңбек өтілі 32 жылды құрайды. Сондықтан да оның бұл салаға қатысты айтары аз емес. Жиынның ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйлеген «Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалы директорының орынбасары Арман Мақұлбекұлы қызметкерлер осы жерден алған білімдерін кәсіпорын, мекемелердегі жұмыс орындарында, учаскелер мен околотка, цехтарда іс жүзінде кәдеге жарайтындығына сенімділік білдірді. Арыс станциясының кезекшісі Телғозы Шорахан жиында жалпыға бірдей пайдалы кеңестер айтылғанын атап өтті.  

– Темір жол кәсіби білімді қажет ететін салалық мамандық болғандықтан – біздің әріптестеріміз үшін мұндай біліктілікті арттыру шаралары керек-ақ. Өйткені мұндай өмірлік маңызы зор кеңестерді алу үшін бәріміздің сонау Астанаға барып-қайтуымыз оңайға түспейді. Сондықтан да білімді «есіктен есікке жеткізу» жобасы арқылы насихаттап жүрген жандарға алғыс айтамыз, – дейді ол.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты