Семейлік теміржолшыларға жаңа автокөліктер пайдалануға берілді

Аймақтар
03.12.2024, 09:10
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ұлттық компания теміржолшыларға тамаша сый жасады. Кеше Семейде жергілікті өндіруші «СемАЗ» ЖШС-нен сатып алынған су жаңа автобустар теміржолшылар игілігіне пайдалануға берілді.

Бұл елеулі оқиға ұлттық компанияның жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартумен қатар, отандық бизнесті қолдау және жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған маңызды қадамы ретінде бағаланды.  

– Өткен жылы ұлттық компания желі бойындағы ғимараттар мен нысандарды күрделі жөндеуден өткізу, жаңалау, талапқа сай ету бойынша қарқынды жұмыс жүргізген еді. Ендігі басымдық әлеуметтік салаға беріліп отыр. Еліміздегі нөмірі бірінші жұмыс беруші компания болғандықтан жайлы жұмыс орнын құрудың маңыздылығы зор, – деп атап өтті салтанатты іс-шараға арнайы келген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС директорының орынбасары Владимир Бабиченко.  

Айта кетерлігі, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жергілікті автобус құрастырушы зауытқа тапсырыс беріп, 43 көлік алып отыр. Бұл жолы соның 36-ы қолданысқа берілді. Қалғандары алдағы уақытта жеткізілетін болады. Отандық өндірушілер құрастырған жаңа автобустар еліміздің климатына сай заманауи үлгіде жабдықталған. Барлық сапа стандарттарына лайық. Жаңа көліктер еліміздің барлық ЖТ бөлімшелеріне, жекелеген станцияларға немесе деполарға берілетін болады. Соның ішінде екеуі Семей ЖТ бөлімшесі теміржолшыларының игілігіне пайдаланылмақ.  

Салтанатты шара барысында сөз алған Семей ЖТ бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітов теміржолшылар үшін жасалынып жатқан игі істерге ризашылығын білдіріп, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығына алғысын білдірді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Семей ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры Алмас Сейсемқановтың айтуынша, отандық тауар өндірушілерді қолдау, яғни «СемАЗ» ЖШС-нің пайдасына жасалған таңдау өңірлік бизнесті дамытуға ғана емес, аймақ экономикасын нығайтуға да ықпал етеді.  

Зауыттан шыққан су жаңа автокөліктер осылайша қарт Семейден еліміздің әр қиырына жол тартты. Олардың алды Өскеменге жетсе, Маңғыстау түбегіне алдағы апталарда жететін болады.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті