Электр қуаты кідіріссіз таратылуда

Аймақтар
09.12.2024, 12:33
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы бөлімшенің оңтүстігіндегі Түркістан станциясынан бастап Жосалы бекетіне дейінгі телім бойындағы теміржол нысандары мен жергілікті тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз етеді.    

Дистанцияның бас инженері Әлім Төлегенов жыл басынан бері  пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, салалық нысандарға электр қуатын кідіріссіз беруге бағытталған жұмыстарға шолу жасады.    

– Жыл басынан бері пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде оқыс оқиға, инцидент орын алуына жол берілмеді. Жалпы дистанция телімдеріндегі СОБ, КТСМ және АЛСН құрылғыларын электр қуатымен қамтамасыз ету және ВЛ-10кВ, РП, ТП, ВЛ-0,4кВ, КТП, ЦРП, РПК, РПП-10кВ секілді электр желілеріне, бағаналары мен құрылғыларға ағымдық жөндеу, техникалық күтім шараларын жүргізу шаралары кінәратсыз, ақаусыз атқарылуда. Биыл 494,1 шақырымдық СОБ желілері ағымдық жөндеуден өткізіліп, 59 дана ағаш бағана, 40 дана темірбетон бағаналар ауыстырылып, жаңартылды. 281 дана ОМ трансформаторы жөнделіп, КЛ-0,4 кв қуаттылығындағы электр желісінің 0,2 шақырымы, КЛ-10 кв желінің 0,3 км аумағы жаңартылды. Теміржол нысандарын қажетті электр қуатымен жабдықтау жұмысы тәулік бойы бақылауда болады. Әр айға белгіленген жоспарлы жұмыстар дер уақытында атқарылып жатыр. Электромеханиктер Сағындық Қуандықов, Жайылхан Сейітов, электромонтерлер Дархан Иниятов пен Нұрболат Шермағанбет секілді өз ісінің мамандары еңбек ететін телімдер мінсіз деп айта аламын, – дейді бас инженер Әлім Төлегенов.

Электр кернеуімен түрлі деңгейдегі желілерде жұмыс жасау кез келгеннің қолынан келе бермейтіні рас. Ол үшін арнайы рұқсат болуы шарт. Міне, осындай қауіпті аймақтағы қауіпті жұмысты атқарушылар   желі бойын жағалап, электр күшінің үзіліссіз таратылуын қамтамасыз етіп отырған қызылордалық дистанция еңбеккерлері қысқа толық дайындықпен келді.  

 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті