Тәуелсіздік пен тіл – егіз ұғым

Аймақтар
13.12.2024, 09:05
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесінде «Тәуелсіз Қазақстан: бәсекеге қабілеттілік және тұрақтылық» атты тақырыпта мән-мағынасы ерекше семинар болып өтті.

Егемендік, тіл, дәстүр сынды құндылықтарды өзек еткен жиынды өткізуге бөлімшенің техникалық кітапханасы ұйытқы болған еді. Семинарға бөлімше басшылығы, сала ардагерлері, мекемелер мен бөлімдер инженерлері, әкімдік қызметкерлері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Басқосуды Семей вокзалының 1-ші дәрежелі инженері Меруерт Әуелгазина өз мәнінде жүргізіп, жиналғандарға кезекпен сөз беріп отырды.

Жиын беташарында сөз алған НЖС-6 басшысының бірінші орынбасары Азат Беркімбаев ел тәуелсіздігінің басты тірегі саналар мемлекеттік тіл мәселесі жайында кеңінен сөз етті. Бұл ретте ұлттық компания тарапынан қолға алынып жатқан идеологиялық маңызы зор қоғамдық шаралар мен тың бастамаларға да кеңінен тоқталып өткен ол әріптестерін Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.  

Жиын барысында зейнеткер Қамария Тангишева да пікір қосып,  бүгінде құжаттандыру ісінің де қазақ тілінде жүргізіле бастағанына қолдау білдірді. Мысалы, биыл теміржолшылар арасында тұңғыш рет өткен «Ана тілім – ардағым» атты республикалық байқауында НЖС-6 бөлімшесінің «Абай елі» командасы жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Сол тәрізді мемлекеттік тілден тест тапсыру ең бірінші Семей қаласында өтіп, 50 теміржолшы қатысып, ана тілін жүз пайыз меңгергендіктерін дәлелдеген болатын. Әйтсе де, тіл жанашыры Қамария Жұманқызы ана тілімізге құрмет әлі де болса қажет екендігін жеткізді.  

Семинарды ұйымдастырушылардың бірі, НЖС-6 персоналды басқару бөлімінің жетекші аудармашысы Бекжан Рымбаев та тақырып аясында сөз өрбітті.

– Теміржолшылар арасында Тәуелсіздігіміздің бірден бір символы саналар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді меңгерген сала қызметкерлерін ынталандыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу – бүгінгі күннің басты талабы. Расында кез келген халықтың ұлттық ерекшелігін танытатын қасиетті құрал – тіл, – дейді бұл орайда аталмыш шараны ұйымдастырушы, НЖС-6 бөлімшесі ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығы бастығы Баршагүл Омарова.

Жиын қорытындысында қатысушылар осындай маңызды тақырыптарды арқау еткен жиындарды алдағы уақыттарда да жиі өткізіп, оған жастар қауымын көптеп тарту қажеттігін атап өтті.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті