Шымкентте өткелдер жөндеуден өтті

Аймақтар
06.01.2025, 12:18
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент жол дистанциясының жолшылары өткен жылдың соңында қала аумағына кіретін күзетпелі 3 теміржол өткелінің екеуіне жөндеу жүргізді. Еңбекші ауданы аумағындағы Тіленшин және Момынов көшесіндегі күзетпелі өткелдердің рельс-шпалы мен астындағы қиыршық тасы да жаңартылды.

Төртінші телім басшысы Алтынбек Сәдібековтің айтуынша, таңертең басталған толаскез уақыты тиімді пайдаланылып, кешкі 21:00-де телімде қозғалыс қайта жанданған. Жұмысқа адам күшімен қатар  ДУОМАТ, ДГС, ПБР сынды арнайы техникалар да жұмылдырылған.

Жылжымалы құрамдардың қалаға кіріп-шығатын негізгі өткелі болғандықтан, дистанциялықтар мұнда пойыз қозғалысының қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етеді. Сондықтан да автокөліктердің рельс үстімен қауіпсіз өтуіне жағдай жасап, шойын жол жиектеріндегі төсемдерді үнемі ауыстырып, жаңартып отырады.     Тиісті белгілер қойып, жарықтандырылады. Жаяу жүргіншілер үшін де барынша жағдай жасалған.

– Жоспарлы тапсырмаға сай жоғарыда аталған екі өткелде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, нысанды сол күні қайта пайдалануға бердік. Оған серіктес мекемелер де үлес қосты, – дейді А.Сәдібеков.

Маман айтып отырған серіктес мекеме – қалалық автомобиль жолдарын жөндеу мекемесі екен. Олар рельс жиегіне төселген қиыршық тастың үстіне асфальт жабындысын төсеп, нығыздап берген. Сол сияқты, осы ауданға тиесілі мемлекеттік автокөлік инспекторлары да ауысым бойынша кезекшілік қызмет атқарып, өндірістік жұмыс кезінде қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстаған.

Шымкент жол дистанциясының жетекші инженері Ақтолқын Жоланова ұсынған деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда Тіленшин көшесінде орналасқан ІІ санаттағы өткелден тәулігіне 7 840 автокөлік, 58-60 пойыз өтеді екен. Ал Момынов көшесіндегі өткел І санатқа жатады. Мұнда тәулігіне 12 428 көлік, 58 жылжымалы құрам өтеді.

– Мемлекеттік автокөлік инспекторларымен бірлесе отырып, салаға жауапты мамандар тұрақты түрде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге арналған түрлі санатты рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Нәтижесінде қауіпсіз қозғалыс үздіксіз қамтамасыз етіліп келеді, – дейді Ақтолқын Асырауқызы.

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты