Мақатта перрон салынды

Аймақтар
13.01.2025, 09:41
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Бірнеше бағытқа қызмет көрсететін тоғыз жолдың торабы Мақат станциясында вокзал маңын қайта жаңғыртып, жаңадан перрон салынды.    

Жолаушыларға қызмет көрсететін 50 орындық Мақат вокзалы 1966 жылы салынған, бірақ 2014 жылы жөндеуден өтіп, қазіргі кейпі жаман емес. Әйтсе де, станция тұрғындары мен жолаушылар перронның қолайсыздығы туралы жергілікті атқару органдарына және темір жол басшыларына көптен айтып келеді. Пойызға мініп-түсу қолайсыз, өте төмен. Вокзал аймағы да жазда құм, қыста балшық-сор болып жатады. Сол себепті облыс әкімдігі вокзал маңын қайта абаттандырып, жаңа перрон салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын жасап,  мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алған болатын.  

Атырау магистральдық желі бөлімшесі вокзал шаруашылығы бөлімінің бастығы Айбек Қуанышевтің айтуынша, перрон жұмысы бүгінде аяқталды. Жалпы, бұл жобаның құны 319 млн 382 мың теңге болып бекітілген. Перрон ұзындығы 448,8 метр, ені 4 метр. Перрон аумағында әкімшілік ғимараты салынып, оның ішіне инженерлік инфрақұрылым жүйелері, кәріз, су, газ, тоқ тарту жұмыстары жүргізілген. Жоғары стандарттарға сай ғимаратта желілік полиция бөлімі, қойма және кішігірім асхана орналасқан. Сонымен қатар жобада «led» шамдары бар 37 дана көше жарығы және жолаушылар ыңғайлығы үшін 10 дана отырғыш, 10 дана қоқыс жәшігі, т.б. қарастырылған. Вокзал аумағын тоқпен қамту үшін 1 дана КТПНГ 25Ква 6/0.4 Кв қондырылды. Сонымен қатар вокзал аумағына толықтай өрнекті кеспе тас төселді.  

«Кластан тыс» станция дәрежесі бар Мақат станциясы арқылы республикалық және халықаралық дәрежедегі 14 жұп пойыз өтеді. Соның ішінде «Куляб-Мәскеу», «Ташкент-Волгоград», «Душанбе-Мәскеу», «Ташкент-Үргеніш-Саратов», «Худжанд-Мәскеу» транзиттік пойыздары, «Атырау-Құлсары» жұмысшы пойызы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты Тальго вагондарынан құралған «Атырау-Алматы», «Атырау-Астана-Нұрлы жол», «Атырау-Алматы-1», «Атырау-Астрахань», «Атырау-Маңғыстау», «Атырау-Ақтөбе» пойыздары бар.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды