Қысқы қызмет көрсету жұмыстары штаттық режимде жүріп жатыр

Аймақтар
13.01.2025, 09:47
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстың қатал қысы теміржолшылардан тыңғылықты дайындықты талап етеді. Жалпы ұзындығы 720 шақырымдық бас жолды құрайтын Семей ЖТ бөлімшесі бойынша қысқы мезгілдегі қызмет көрсету іс-шаралары штаттық режимде өтуде.  

Қазіргі таңда күрделі климаттық белдеуде орналасқан Семей магистральдық желі бөлімшесі өндіріс барысына заманауи технологияларды көптеп енгізіп, өткізу қабілеті мен қауіпсіздікті арттыру үшін инфрақұрылымды жақсарту жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр.  

– Жалпы бөлімше екі аймақ – Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы учаскелерді қамтиды. Климат аса күрделі. Қарлы боран мен жиі орын алатын қар көшкіні жолдарды пайдалануда біршама қиындықтар туғызады. Соның себебінен қыс мезгілінде қалың қардың кесірінен бөлімшеге қарасты жолдардың 40 пайыздан астамын тұрақты түрде пайдалану қиынға соғады. Осылайша қыс мезгіліндегі негізгі күш жылжымалы құрамдарды кедергісіз әрі қауіпсіз жүргізуге түседі, – дейді бұл орайда НЖС-6 бөлімшесі басшысы Айдын Шәукежанов.

Бұл ретте Риддер – Өскемен-1, Шемонайха – Өскемен-1 және Күмістау – Алтай учаскелері бойынша желі бойын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар желілік деңгейдегі қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін, теміржол инфрақұрылымының жай-күйін кешенді тексеру, қысқы жағдайларда шаруашылық пен персоналдың жұмысын бағалау, сондай-ақ нормативтік құжаттардың сақталуын тексеру шаралары күшейтілді.

Әсіресе қозғалыс қауіпсіздігін, жылжымалы құрамды пайдалануды және жол инфрақұрылымының жай-күйін реттейтін нормативтік құжаттардың орындалуына да жан-жақты түрде талдаулар жүргізілуде. Бұл ретте жолдар мен желі бойындағы құрылғылардың, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі ғана емес, сонымен қатар теміржол станциялары жұмысының барлық деңгейлерінде регламенттердің орындалуы қатаң назарда тұр. Бақылауға алынған нысандар арасында жол дистанцияларына қарасты компрессор станциялары да алдыңғы орында. Бұл ретте бағыттамалы бұрмаларды қар мен мұздан тазалауға қолданылатын пневмоауаүрлегіштердің 366 бірлігі қалыпты жұмыс істеуде.

Жалпы, шығыстағы теміржол бойында өзендер, су қоймалары, көлдер, төмен радиусты көлбеу және қисық жартасты беткейлер аз емес. Бұл техникалық қызмет көрсету кезінде ерекше назар аударуды қажет етеді. Аталмыш аумақтарда әсіресе қысқы мезгілде қар басып қалу, қар көшкіні сынды қауіп-қатер тосыннан жиі туындайтыны жасырын емес. Дегенмен жергілікті теміржолшылар мұндай күрмеулі мәселелерді қолда бар техникаларды жаңарту, қажетті машиналарды алдыру арқылы шешуде. Мәселен, техникалық әлеуетті жаңарту аясында биылғы жылдың өзінде теміржолшылар игілігі үшін жаңадан 13 көлік алыныпты. Соның ішінде аса күрделі жағдайда жұмыс істеу үшін бір «ЧЕТРА Т-35» бульдозері жеткізілген.  

Десек те, алда «қыс шілдесі» тұр. Ахуал күрделенсе, желі бойындағы қызмет барысына күшейтілген режимге енгізіледі. Әйтсе де, шығыстағы теміржолшылар қауымы кез келген тосын жайтқа тас-түйін даяр.  

 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті