Мұғалжар асуында темір жол айналасын кеңейту жұмыстары аяқталды

Аймақтар
13.01.2025, 17:16
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол инфрақұрылымын талапқа сай күтіп ұстап, жөндеу жұмыстарын жоспарға сай атқару қауіпсіздіктің басты ұстанымы.  Ақтөбе теміржолының Мұғалжар асуында темір жол айналасын кеңейту жұмыстары жақсы нәтижеге қол жеткізді.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы инфрақұрылымды жаңғырту бойынша Біршоғыр жол дистанциясы аумағындағы жұмыстарды аяқтады. Тау баурайынан өтетін теміржол айналасын кеңейту жұмыстары оң нәтиже беріп отыр. Себебі Орал тау жүйесінің оңтүстік жалғасы болып табылатын Мұғалжар баурайы – таулы аймақ. Өңір климаттық жағдайының күрделі болуымен сипатталады. Қысы қатты, қары қалың, жел және боран ұйытқып тұратын жерде темір жолдың күтімін жасау оңай емес. Жартастағы темір жол бойында қардың үлкен көлемде жиналуын пойыздар қозғалысына қиындық та туғызатын. Ақтөбе өңірінде қысы 6 айға дейін созылатын осынау аумақта дистанция қызметкерлері күндіз-түні жол тазалап, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.  Әсіресе Мұғалжар – Алабас аралығындағы 2019-2020 км аралығындағы жұп жол осы кезге дейін қозғалыс қиындығын туғызып келді.

– Бершүгір станциясында қиыршық тас тиеу жұмыстары үздіксіз жүреді. Бұл жерден жер-жерге құрылыс материалдары жеткізіледі. Асуда жол өткелдерін кеңейту жұмыстары алдағы уақытта жүк вагондарының кестеден қалмай үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін болады, – деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Бауыржан Хамзин.

Осыған дейін дистанция жолшылары әсіресе қыстың күндері әр пойыздың алдына шығып, жолды қардан тазалау жұмыстарын жүргізетін болған. Бершүгір жол дистанциясы үшін бұл қосымша жұмыс болды.    

Осы мәселені шешу үшін Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі 2024 жылдың күзінде жартасты кеңейту бойынша жұмыстар легін бастады. Онда «Қостанай жарылыс-Пром» ЖШС мердігерлік ұйымы бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізсе, автотракторлық техниканы қолдана отырып, бұрғылау-жару жұмыстарынан кейін қазбаларды тазалау жұмыскерлердің өз күшімен шаруашылық тәсілмен атқарылған болатын.  

Мұғалжар – Алабас аралығының жұп жолында орналасқан Жартасты қазбаларды кеңейту бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін осы учаскеде қар тазалауға жолшыларды тарту азайды.  

 

Инфрақұрылым
23.02.2026
«Қызылжар – Сексеуіл» учаскесін жаңғырту: өткізу мүмкіндігі 2,5 есе өсті
Қауіпсіздік
23.02.2026
Шиеліде өрт сөндіру пойызы дайындықтарын пысықтады
Аймақтар
23.02.2026
Семейдегі жас мамандардың ұсыныстары тыңдалды
Жүк тасымалы
23.02.2026
Болат жолдың болашағы
Инфрақұрылым
23.02.2026
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есе артады
Жаңалықтар
20.02.2026
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Инфрақұрылым
20.02.2026
Бақты-Аягөз желісінің құрылысы талқыланды
Қауіпсіздік
20.02.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Цифрландыру
20.02.2026
Теңіз порттарында электрондық жүйе енгізілмек
Спорт
20.02.2026
Шалқарда теміржолшылар арасында шағын футболдан жарысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
20.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №13 20 ақпан 2026 жыл
Жаңалықтар
19.02.2026
KAZLOGISTICS: жыл қорытындысы мен алдағы жоспар талқыланды
Аймақтар
19.02.2026
Теміржолшылардың жанашырлығы. Семей вокзалындағы ерекше оқиға
Жаңалықтар
19.02.2026
Орта дәліздің дамуы Әзірбайжан мен Орталық Азия елдерінің интеграциясын нығайтты
Инфрақұрылым
19.02.2026
Сапалы инфрақұрылым – қауіпсіз қозғалыс кепілі
Аймақтар
19.02.2026
Азаматтық қорғаныс: мұны әркім білуі тиіс
Жолаушылар тасымалы
19.02.2026
ҚТЖ Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар тағайындайды
Жүк тасымалы
18.02.2026
ТХКБ арқылы Бельгияға алғашқы пилоттық экспорт жөнелтілді
Жаңалықтар
18.02.2026
Алматы-1 вокзалының сейсмикалық төзімділігі күшейтілуде
Цифрландыру
18.02.2026
Теміржол саласын цифрландыру қалай жүріп жатыр?