Жастарға кәсіби бағдар берілді

Аймақтар
16.01.2025, 09:15
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінің персоналмен жұмыс істеу бөлімінің менеджерлері биылғы «Жұмысшы мамандығы жылына» орай арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бастап та кетті. Жуырда кәсіби бағдар бойынша болашақ мамандық иелерімен кездесу өткізілді.  

Жыл басындағы алғашқы ұйымдастырылған жиынға жалпы саны 600-ден аса 11-сынып оқушылары, биылғы түлектер жиналды. Аталмыш шараға теміржол саласына қажетті мамандар даярлайтын жергілікті Шәкәрім университеті мен Электротехникалық колледждің ұстаздары да келді.  

Мамандық таңдауда сан түрлі ойда жүрген мектеп бітіруші жас буынның алдында бөлімшенің персоналмен жұмыс істеу бөлімі бастығының орынбасары Бекзат Кәрімханов сөз алып, теміржол саласындағы жұмысшы мамандығының маңызы жайында кеңінен сөз қозғады. Жалпы, «жұмысшы» деген сөздің өзі бүгінде үлкен мәртебеге айналып келе жатқанын айтқан Бекзат Нұрланұлы ұлттық компания тарапынан жұмысшыларға жасалынып жатқан қолайлы жағдай туралы да айтып берді. Облыстағы ең үлкен жұмыс беруші мекемеге аса қажетті мамандықтармен де таныстырып өтті. Теміржолшы болам деген жасқа қаладағы теміржол колледжінде оқып, жұмысшы мамандығының бірнеше түрін таңдауға мүмкіндік бар.  

– Теміржолға қажетті жұмысшы мамандықтарының саны көп. Өткел кезекшісінен бастап, пойыз құрастырушылар, парк бойынша кезекші, маневр диспетчерлері, бағыттама бекетінің кезекшісі, станция операторы сынды тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және теміржол көлігін пайдалану саласына қажет мамандардан бөлек магистарльдық желіге қызмет көрсететін жолшы, белгі беру-байланыс, электрмен жабдықтаушылар, вагон мен локомотив деполарына мамандар, машинистер керек. Ең маңыздысы, теміржолда сатылы қызмет арқылы жоғары лауазымға қол жеткізу мүмкіндігі бар, – деді спикер.  

Сонымен қатар облыстағы жаңа телім – Бақты-Аягөз теміржолы салынса, оның бойындағы станцияларға да мамандар қажет болатынын сөз еткен Б.Нұрланұлы түлектерді отандық теміржол саласын бірге өркендетуге шақырды.  

Жиын барысы еркін форматта ұйымдастырылғандықтан сұрақ қоюшы жастар көп болды. Оқушылар әсіресе теміржолда қандай жұмысшы мамандығының жалақысы жоғары, әлеуметтік жеңілдіктер түрлері, кәсіби даму мен қызметтік өрлеу мүмкіндігі сынды өздерін қызықтырған сауалдарды қойып, жауап ала алды.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды