Өткелге бейнебақылау камерасы орнатылды

Аймақтар
21.01.2025, 08:57
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент қаласындағы «Азат» ықшам ауданында орналасқан өткел ел аузында «Бакалейторг» деген атауға ие. Ал теміржолшылар үшін бұл «3294 шақырымның 9-пикетіндегі күзетпелі бақылау бекеті» аталады.

Қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері өткен жылы өткелдің екі тұсындағы бағана басына 2 бейнебақылау камерасын орнатқан. Қазір оның игілігін осы теміржолшылар мен өткел кезекшілері де көріп келеді.  

Өйткені өткел кезекшісі Берік Жұматовтың айтуынша, камера қауіпсіздік көрсеткішін күрт жақсартқан. Бүгінгі таңда бұл маңдағы теміржол мен автокөлік жолының түйіскен тұсынан тәулігіне 8 мыңға жуық көлік пен 58- 60 пойыз өтеді. Миллионнан астам тұрғыны бар қала үшін бұл үлкен көрсеткіш емес. Өйткені 4-5 жыл бұрын сала мамандары кеңесе келе өткелден өтетін тәуліктік көлік ағынын нақтылау мақсатында өз беттерінше санақ жүргізіпті. Сол кездегі санақ 48-50 мыңға жуықтаған көрінеді. Қалалық полиция департаментінің дерегінше, Шымкентте бұл күнде 463 мың автокөлік тіркелген. Бұл дегеніміз, қаладағы әрбір 8 немесе 9-шы көлік осы өткелден өтеді деген сөз. Демек, алып шаһардың тыныс-тіршілігінде тақырыпқа тұздық болып отырған өткелдің қаншалықты маңызды екендігі айтпаса да түсінікті болса керек...  

Сондықтан да өткелдің өзектілігін ескерген қала әкімдігі мен жергілікті теміржол ұйымының жетекшілері тоғыз жолдың торабы түйіскен тұсқа арнайы аспалы көпір салу қажет деп шешім қабылдаған. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары қолға алынып, электр және құбыр желілерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сәтін салса, келер жылдың соңына дейін көпір толыққанды пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.  

Негізінен, нормативтік құжатта бекітілген талап бойынша өткелдің екі шетіндегі автокөлік жолы кем дегенде 100 метрден әрі қарай салынуы тиіс. Алайда, бұл аумақта тұрғын үйлер тығыз орналасқандықтан, жоғарыда аталған талапқа сай жобаны жүзеге асыру мүмкін емес. Ал өткелдің екі жағындағы автокөлік жолы темір жолға қарға адым жерде жатыр. Сол көшеден шыққан көліктер өткелді кесіп өту үшін кілт бұрылып қозғалыстың қауіпсіздік қағидасын мүлдем сақтамайтыны бар. Сондықтан да ертеректе полиция өкілдері осы қауіпті жол учаскесіне қозғалысты реттейтін арнайы белгілер орнатқан. Оған қосымша, бұл маңда таңнан кешке дейін тұрып, қауіпсіздікті қатаң қадағалаған.  

– Кейіннен ол тиімсіз болған шығар, өткен жылдан бастап жолдың қос қапталына бейнебақылау камерасын орнатты. Содан соң жол ережесін өрескел бұзатын жүргізушілер саны да күрт төмендеді, – дейді 2017 жылдан бері аталған нысанда еңбек етіп келе жатқан өткел кезекшісі Берік Жұматов.  

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласының аумағына кіретін күзетпелі 3 теміржол өткелі бар болса, жуырда соның екеуіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шымкент жол дистанциясы ұжымының ұйымдастыруымен Еңбекші ауданы аумағындағы Тіленшин және Момынов көшесіндегі күзетпелі өткелдердің рельс-шпалы мен астындағы қиыршық тасы толық жаңартылды.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты