Отын үнемдеу маңызды

Аймақтар
27.01.2025, 12:01
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Локомотив шаруашылығында пойыздар тартымына қажетті дизельдік отынды үнемдеу – маңызды мәселе. Өткен жылы Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша дизельдік отынның артық шығыны 912 тонна 469 кг құраған.  

Ал нақты үлесті тұтыну 20,24 кг/өлшемді құрады. Бірақ өткен жылдың үлестік шығыны 21,01 кг/өлшемімен салыстырғанда 1289 тонна 232 кг дизель отыны үнемделіпті. «Жалпы, жанармайды үнемдей білу керек, ал оның шығынын арттыратын бірнеше фактор бар десек, олар жүк пойыздарының орташа салмағының төмендеуі (жоспар 4092 тонна, нақты 4040 тонна), вагондардың жалпы бос жүрісінің көбеюі, (шығын – 132 тонна), телім жылдамдығының коэффициентінің кем болуы, т.б. Соңғы 10 айда дизель отынын шамадан тыс тұтынудың тағы бір маңызды себебі Батыс өңірінде желдің екпіні 15–20 м/сек-қа дейін күшейіп, ауа-райының нашарлауы болып табылады, бұл дизель отынының өзіндік шығынын 15%-ға артуына әкелді» дейді өндірістік-техникалық бөлім бастығы Әзиз Айжарықов.  

Локомотив бригадаларымен дизель отынын тұтыну бойынша өңірде отын-энергетика комиссиясының 72 отырысы өткізілген. Сондай-ақ жанармай жағатын машинистермен отын-энергетикалық ресурсты тиімді пайдалана отырып, пойызды ұтымды жүргізуді үйрету бойынша 140 нысаналы сапар өткізіліпті. Нәтижесінде, пойыздардың тартымында дизель отынының артық жұмсалуына жол бергені үшін тепловоздың 53 машинисіне ескерту, 5 машиниске сөгіс, 8 машиниске қатаң сөгіс жарияланып, 1 тепловоз машинисі жазбаша өтінішіне сәйкес тепловоз машинисінің көмекшісі қызметіне ауыстырылған.  

 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті