Жемқорлыққа жол жоқ

Аймақтар
28.01.2025, 09:25
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Атырау облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты мекемелер өкілдерімен кездесу өткізді.

Департамент бастығының орынбасары Болатбек Оразов пен «Адал жол» жобалық кеңсе жетекшісі Шыңғыс Ағжанбаев теміржол көлігі саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты сөз қозғап, ескерту-алдын алу жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

– Бұқаралық ақпарат құралдарында, инстаграм, фейсбук, т.б. әлеуметтік желілерде ұлттық компанияның қызметі жүйелі түрде сынға түседі. Ең алдымен наразылық компания мен оған қарасты ұйымдарда анықталған бұзушылықтарға байланысты болады. Біздің тарапымыздан кез келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді, – деген Б.Оразов кейбір мысалдар келтірді.  

Жүргізілген талдау бойынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жүк және жолаушылар тасымалы саласында кең таралғаны анықталды. Заңсыз іс-әрекеттер жол жүру билеттерінің жасанды тапшылығынан, вагондарды жеткізу мерзімдерінің созылуынан, тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз тасымалдаудан, дизель отынын өткізуден және т.б. көрінеді. Қазақстанның кейбір облыстарында дизель отынының ұрлығын жасырғаны үшін заңсыз сыйақы алғандар болған. Бұдан басқа, теміржол көлігі саласының лауазымды адамдары билетсіз жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде өз қарамағындағы адамдардан (пойыздар бастықтары, жолсеріктер) сыйақы алған фактілер анықталған. Сондай-ақ антикор өкілі жергілікті жердегі кейбір оқиғаларға тоқталды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Ақжайық станциясында жүк жөнелтушілер тарапынан жүк кассирінің каспий голдына ақша аудару, бір дистанцияда туысын жұмысқа алып, оның атынан мемлекеттік сатып алуларға қатысу сынды фактілердің орын алғанын алға тартты. Бұл ретте станцияларға камера орнату қажеттігі байқалады. «Бізді жазалаушы орган деп таниды көбі, ал біз шындығында жемқорлықтың алдын алу, ескерту жасауды басты қағида деп есептейміз» деді антикор өкілі.  

Ш.Ағжанбаев өз сөзінде мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы туралы айта келе, темір жолда жұмысқа алуда, мемлекеттік сатып алуларда, т.б. жағдайларда ағайыншылық, тамыр-таныстық деген болмауы қажеттігін ескертті.  

– Сіздермен кездескендегі біздің мақсатымыз – теміржолшылармен кері байланыс орнатып, құқықтық негізде көмек беру, қандай да бір келеңсіздіктерді болдырмау, олардың алдын алу. Сіздерді мазалаған мәселе болса, хабарласыңыздар, біз көмектесуге әрқашан дайынбыз, – деді жиын соңында құқық қорғаушылар.  

 

Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады