Табыс формуласы

Аймақтар
28.01.2025, 09:30
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржолшылар арасында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында бірқатар іс-шаралар қолға алынып, нәтижелі жүргізілуде. Мақсат – жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру.

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінің кадр бөлімі мамандары облыстық әкімдік өкілдерімен бірлесіп жергілікті теміржол колледжі студенттері мен педагогтеріне арналған «Табыс формуласы» атты шеберлік сағатын өткізді.  

Аталмыш шараға 200-ден аса студент пен 100-ден аса педагог қатысты. Басқосуға сондай-ақ электротехникалық колледждің түлектері, қазіргі таңда аймақтағы ірі кәсіпорындарда лауазымды қызмет атқарып жүрген кәсіби мамандар да арнайы шақырылды. Олар жұмысшы мамандығы жылы аясында өз пікірлерімен бөлісті.  

Семей ЖТ бөлімшесінің персоналмен жұмыс бөлімі басшысының орынбасары, осы колледждің түлегі Бекзат Кәрімханов теміржол саласы мамандарының кәсіби құзыреттері жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Сондай-ақ жетістікке жету жолындағы өз тәжірибесімен де бөлісті. Бүгінгі таңда жастар үшін қатардағы жұмысшы болу сәнге айналып келе жатқанын жеткізген Бекзат Нұрланұлы ұлттық компания тарапынан қызметкерлерге жасалып жатқан әлеуметтік жеңілдіктер жайын да кеңінен сөз етті.  

Тоқтала кетсек, қазіргі таңда Семей теміржолында осы оқу орнының түлектері көптеп еңбек етуде. Теміржол бөлімшесімен іскерлік һәм мәдени байланыс та жоғары деңгейде. Колледж түлектерінің барлығы дерлік бөлімшеде іс-тәжірибеден өтіп, шеберліктерін қалыптастырады.  

Шеберлік сағаты барысында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, олардың студенттік өмірі мен кәсіби жетістіктері туралы пайдалы мәліметтер алды. Интерактивті форматта өткен шара, сөз жоқ, болашақ жас мамандарға кәсіби даму жолындағы бағыт-бағдарларын айқындауға зор мүмкіндік берді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті