Семейде 366 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді

Аймақтар
30.01.2025, 12:10
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша өткен жылғы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, осы жылы іске асырылуы тиіс іс-шаралар жоспарланды.  

Бөлімше басшысы Айдын Шәукежановтың айтуынша, өткен жылға алға қойылған негізгі тапсырмалар толық орындалған. Әсіресе транзиттік әлеуетті арттыру, сонымен қатар пойыздар жылдамдығын жоғарылату мақсатында ағаш негізді шпалдарды темірбетонға ауыстыру арқылы жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарына басымдық берілді.  

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардың 28-і күні болып өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытудағы басым бағыттарды атап өтіп, Қазақстан аумағы Орталық Азия мен Қытай арасындағы жүк айналымын ұлғайтуға қолайлы екенін еске салды. Мұнымен қоса, күре жолдың қозғалысы аса көп учаскелерін қайта жаңғырту керектігін жеткізді. Бұл бағытта  бізде өткен жылы бірқатар жұмыстар жасалды. Келісімшарт бойынша жаңа материалдармен 61,1 км күрделі жөндеу, ескі шпалдар торымен жолды қарқынды орташа жөндеу 11,2 км, орташа жөндеу 19,5 км телімде жүргізілді. Бағыттама бұрмаларын жаңа темірбетонға ауыстыру арқалықтары 63 жиынтық болды. Сондай-ақ R-43,50 типті рельстерді R-65-ке ауыстыру арқылы 15 км жолда жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылды, – дейді Айдын Мақсұтбекұлы.

Бұл бағыттағы іс-шаралар биыл да жалғасады. Жалпы темірбетонды жол төсемдеріне толық көшу үшін алдағы жылдары 366 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.  

Сонымен қатар желі бойындағы инфрақұрылымдарды жаңарту, абаттандыру да қатар жүргізілмек. Өткен жылы бөлімше теңгеріміндегі екі металл көпір сырланған. Биылғы шаралар жуық арада нақтылануы тиіс.

Желі бойында санитарлық-тұрмыстық ахуалды жақсарту үшін 2023 жылдан бастап бүгінге дейін 39 модульдік ғимарат орнатылыпты. Биыл да жалғасады. Сондай-ақ өткен жылы «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС бөлімшеге қарасты 22 ғимаратқа толық көлемде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Биылғы жылға да межеленген ауқымды жоспар бар.

Бөлімше басшысы соңғы жылдары қолданыстағы автотракторлық көлік паркін жаңалау да қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді. Өткен жылы 13 бірлік жүк-жолаушы көліктері, қалпына келтіру жұмыстарын атқару үшін бір Т-35 бульдозері, сонымен қатар салмақ көтергіштігі 150 тонна болатын бір теміржол краны алынған.  Десек те, кейбір мекемелер бойынша техниканың қажеттілігі әлі де сезілуде.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті