Еңбек қорғаудағы елеулі іс

Аймақтар
31.01.2025, 08:56
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде жолдың техникалық жағдайы талап деңгейінде. Өткен жылы жолды күтіп баптау жоспары 63 балл болса, орындалуы 50 балды кұрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 9 балға жақсарған.

Мердігерлік әдіспен жолды күрделі жөндеу – 69,6 км, шаруашылық тәсілмен күшейтілген орташа жөндеу – 21,5 км орындалып, жаңа бұрмаларды төсеу – 43 жиынтық, көне жарамды бұрмаларды төсеу 23 жиынтықты құрады. Станциялық 10,7 км жанама жолдарының рельстері Р-50 типінен Р-65 типіне ауыстырылып, 16,7 км түйіспесіз рельс төселген.  

«Өңірдің табиғи ерекшеліктеріне сәйкес Атырау магистральдық желі бөлімшесінің жол учаскелерінде 231,05 км құрайтын құмды көшкінге бейім жерлер бар. Осы учаскелерді құмды көшкіннен қорғау үшін бөлімшеде екі қатар қар қалқаларын орнату, қамыс арқылы қорған орнату және шпалдарды иректеле орналастыру әдістері қолданылады. Осы шаралар нәтижесінде Нарын-РЗД14-РЗД15-Аққыстау станциялары аралығындағы құм көшкіні тоқтатылды. 2025 жылы осы әдіспен жұмыс РЗД8-РЗД7 өткелінде және Исатай станциясы мен РЗД10 аралығында жалғасу жоспарлануда», – дейді бөлімше директоры Аралбай Қосымбаев.  

Атырау магистральдық желі бөлімшесі бойынша өткен жылы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бұзылған 6 жағдай орын алған, оның ішінде оқыс оқиға – 2 жағдай, оқиға – 4 жағдай. Тексере келе оның басты себептері аталды.  

Магистральдық желі бөлімшесі бастығының мәліметінше, қозғалыс қауіпсіздігі жағдайының нашарлауына, айталық, жол дистанциясының учаске басшылары, бригадирлер мен жол монтерлерінің өз қызметтік міндеттерін тиісті түрде орындамауы, бөлімше мен дистанция басшылары тарапынан тиесілі бақылаудың болмауы, қолда бар шағын механизациялау құралдарының 30%-ға тозығы жеткенін ескере отырып, шағын механизация құралдарымен, жол құрал-саймандарымен жеткілікті түрде жарақтандырылмауы, сондай-ақ СЦБ аспаптарының тозуы, т.т. себеп болған.  

Оған қарсы шара ретінде жолдар мен бұрмаларды, ағымдағы күтіп-ұстау бойынша тәжірибелік-техникалық сабақтарды жиі әрі сапалы өткізу, сонымен қатар жол шебері және жол бригадирінен бастап талапты күшейту жұмыстары жүргізілуде. Ал техникалық құралдардың жағдайын жақсарту үшін 1968 жылдан бері пайдаланып келген ПВ-60, ПВ-24 қуат панельдері ЩАВР, ЩП, ЩП-25Гц, ЩР, ЩР1 сынды түрлеріне жаңартылған. Мақат станциясындағы дөңеске пойыздар қозғалысын реттейтін МП-АСДЦ жүйесі енгізілсе, 1975 жылдан бері қолданыста тозығы жеткен ДГА-24 құрылғысы BL-30 типті ДГА-ға ауыстырылыпты. Енді тоқ көзінен тапшылық болмауы тиіс.  

Үйдегісінен түздегісі көп, жыл он екі ай сыртта жүріп, ауа-райымен санаспай еңбек ететін теміржолшылардың жағдайын жасау – ҚТЖ үшін басымдыққа ие бағыт.  

Өткен жылдары өңірлерге жылыну пункттерін қайта жасақтау үшін бес тонналық 95 контейнер жеткізіліп, Атырау жол дистанциясына 50 дана, Құлсары жол дистанциясына 45 дана контейнер бөлінген. Олар өңірдегі барлық станциялар мен разъездерге орналастырылып, жұмысшылар игілігіне берілді. Сонымен қатар Атырау жол дистанциясына модульдік үйлер де жеткізіліп, олар Нарын, Махамбет, Қарабатан, т.б. станцияларда және шағын бекеттерде орнатылды.  

Былтыр сондай-ақ 37 модульдік ғимарат алынып, жұмысшылардың санитарлық-тұрмыстық жағдайларының жақсаруы мен еңбек қорғау деңгейінің көтерілуіне үлкен ықпалын тигізді. Сонымен қатар 4 дана (DONGFENG) жол талғамайтын автокөлік пен 1 бульдозер алынып, техникалық қор айтарлықтай жаңарды.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды