Білікті маман құрметті демалысына шықты

Аймақтар
03.02.2025, 12:42
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Еліміздің логистикалық қуаты жүк және жолаушылар тасымалы қызметін қамтамасыз ететін теміржолдың әлеуетіне қарап бағаланады десек, саланың даму деңгейі білікті мамандарға байланысты екені талас тудырмайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Бейбіт Садықбеков – бұл салада он жылдан аса уақыт қана еңбек етсе де басқару-ұйымдастыру ісінде тәжірибелі де білікті маман ретінде танылған жан. Сондықтан жуырда зейнет жасына толып, құрметті еңбек демалысына шыққан жанды әріптестері үлкен құрметпен қимастықпен шығарып салды.    

Саладағы жұмысын 2014 жылы Ірілендірілген Жамбыл жол дистанциясында инженер болып бастаған ол кейін Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде өндірістік бөлімнің жетекші инженері, салық есептеу бөлімінің, қаржыландыру бөлімінің жетекші бухгалтері қызметтерін атқарады. Ал оған дейін Жамбыл технологиялық институтының түлегі Жамбыл автокөлік басқармасында инженер, Жамбыл облысының әкімшілік аймақтық қорының басқарушы-менеджері, ал 2004 жылы Тараз қалалық статистика бөлімінің бастығы, «Казтранссервис Оңтүстік» АҚ Жамбыл филиалында жетекші инженер, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

Бейбіт Айтбайұлы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының «Адал еңбегі үшін» және Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.    

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды