Қармен күрес қарқынды жүріп жатыр

Аймақтар
04.02.2025, 09:01
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар табиғаттың тосын мінезімен бетпе-бет келуде. Қазіргі күндері шығыста «қыс шілдесінің» соңғы күндері өтіп жатыр. Қарлы боранның соңын ала аяз күшіне мініп, әсіресе жол шаруашылығы мамандары үшін сынақ күшейіп тұр.

Айта кетерлігі, Семей өңірінде соңғы тәуліктерде бір айлық нормадағы қар жауды. Мамандардың сөзіне сүйенсек, 30-31 қаңтар күндері аймақта 10,5 ммден асатын қар жауыпты, ал бір айлық норма 11,4 мм құрайды. Ал 1 қаңтардан бастап бүгінге дейін жауған қар – 25,1 мм. Кей аймақтарда желі бойына 1 метрге жуықтайтын қар түскен.  

Қазіргі таңда әсіресе станциялық жолдарды қардан тазалау шаралары қарқынды. Сонымен қатар станциялық жолдар бойынша қар шығару жұмыстары жалғасуда. Әсіресе тораптық жүк станцияларындағы іс-шараларға бірінші кезекте мән берілуде.  

Қыс басталғалы бері қозғалыс жиілігі аса жоғары Семей және Жаңа-Семей станцияларын қоса алғанда қала ішінен 30 мың текше метрге жуықтайтын көлемде қар шығарылыпты. Бұл ретте негізінен жол машиналары пайдаланылуда.

– Басты мақсат – жүк және жолаушылар пойыздарын кідіртпеу. Бұл ретте жолдарды тазалау жұмыстары түнгі мезгілде де жүргізілуде. Мәселен, тек Семей станциясының басында ғана бір түнде екі машина жұмыс істеп, 500 текше метрден астам қар қала шетіне шығарылды. Соңымен қатар, сол аязбен жылы күндер кезек алмасып, оның үстіне қалың қар төпеп тұрғандықтан бағыттамалы бұрмаларға мұз қату жиілеген. Сондықтан да жүк станциялары басында пневмоүрлегіш тоқтаусыз жұмыс істеп тұр десе де болады, – дейді ПЧ-39 мекемесінің бас инженері Мырзабек Керейбаев.  

Айтуынша, бүгінгі таңда НЖС-6 бөлімшесі бойынша байтақ желі бойында пневмоауаүрлегіштердің 366 бірлігі қалыпты жұмыс істеп тұр. Таяу күндері бөлімшеге қарасты станцияларда жылдағы дәстүрге сай көлемді түрдегі қар сенбіліктерін өткізу жоспарланып отыр. Оған желі бойындағы барлық теміржолшылар, кеңсе қызметкерлері де жұмылдырылмақ. Бұл орайдағы басты мақсат – көктемгі мезгілдегі еріген қар суынан болатын қауіпті азайту. Оның аясында бөлімшеге қарасты 440 көпір, 368 құбыр мен 181 шақырым арық, 1216 км су арналарын қардан тазарту жұмыстары басталмақ.  

– Жуырда облыс әкімінің төрағалығымен өткізілген жиынға қатыстық. Көктемгі су тасқынына даярлық шаралары пысықталды. Бұл ретте ұлттық компания басшылығының арнайы бұйрығын күтіп отырмыз. Оның аясында нақты шаралар қабылданатын болады. Жылда атқарып жүрген жұмыс. Тек биылғы жылы өңірімізге түскен қардың мөлшерден көп болуы себепті ерекше басымдық берілетін болады, – дейді бұл орайда НЖС-6 басшысы Айдын Шәукежанов.  

Ал қазіргі күндері бөлімше көлеміндегі пойыздар қозғалысы штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Қалааралық автобус қатынасы тоқтап тұрғандықтан әсіресе Семей, Шар, Жаңғызтөбе, Аягөз теміржол вокзалдарында жолаушылар нөпірінің әдеттегіден тыс, біршама артқаны байқалады. Өткен тәулікте Семей ЖТ бөлімшесі басшысы Алмас Сейсемқанов желі бойын аралап, қармен күрес шараларын жеке бақылап қайтты. Жалпы, жергілікті теміржолшылар қауымы жұмыла жұмыс жүргізіп, қысқы маусымды тосын оқиғаларсыз өткізуде.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда