Көктемгі су тасқынына дайындық басталды

Аймақтар
05.02.2025, 14:53
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен алдағы су тасқыны және тілсіз жаудан сақтанудың өзекті мәселелері талқыланған жиын өтті.  

Шараға облыстағы осы салаға жауапты барлық мекеме, соның ішінде темір жолдағы өрт қауіпсіздігі қызметінің өкілдері де қатысты. Кеңес отырысында су тасқынының алдын алу, дайындық жұмыстары көтеріліп, ұсыныстар тыңдалды.    

Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Әділ Құбаевтың айтуынша, өртке қарсы қызметіне қарасты жасақтар теміржол бойындағы 1512 км аумақты тілсіз жаудан қорғау миссиясын абыроймен атқарып келеді.  

«Бүгінгі таңда жазға дайындық жұмыстары жүруде. Жоспарға сай арнайы тексерулер тұрақты өтеді. Өткен жылы өрт сөндіру пойыздарының, ТЖД және теміржол мекемелерінің қатысуымен 27 оқу-жаттығу жиыны өтті. Теміржол аумағында 2618 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 2404 өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы анықталды. Инспекторлар мекеме басшыларына 161 ескерту жолдады», – деді Әділ Құбаев.  

Өртке қарсы қызмет инспекторлары жылжымалы құрамдарды жылына кемі екі рет тексеруге міндетті. Бұл жұмыстар қауіпсіздікті арттырады. Мамандардың айтуынша, өрттің шығу себептері негізінен тоқ жүйесінің ережеге сай болмауынан болады. Яғни қысқа тұйықталу, электр қуатының шамадан тыс жүктелуі электрқыздырғыштарды қараусыз қалдыру жағдайлары үнемі бақылауда болу керек.  

 

Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады