Кез келгенге бұйыратын бақ емес

Аймақтар
12.03.2025, 15:42
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс жол дистанциясының диспетчері Роза Римқызы – халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай күні кеше Мемлекет басшысының қабылдауында болған санаулы нәзік жандардың бірі.

Ақордада құрмет-қошеметке бөленген 60-қа жуық қыз-келіншектің қатарында арыстық теміржолшы әйел Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алды. Қарапайым еңбек адамы үшін бұл шынымен үлкен құрмет еді.  

– Мемлекет басшысы биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны жай ғана науқаншылық емес. Бірде түстен кейін жұмыста отырғанымда НЖС-9 мекемесінің кадр жөніндегі бөлім басшысы Балжан хабарласып, кейбір мәселелерді нақтылай келе толыққанды құжаттарымды сұратты, Мемлекет басшысының марапатын алу үшін Ақордаға баратынымды айтты. Алғаш естігенімде сенер-сенбесімді білмей абдырап қалдым. Аздан соң дәлізге шықсам кеңседегі әріптестерім түгел естіп қойыпты, бәрі құттықтап жатыр. Жақсы жаңалық жерде жатсын ба, желдей есіп, әп-сәтте жарты әлемге жария болды.  

Көп ұзамай Розаны ұжым басшысы Ғалымжан Қазезұлы шақырып алып қуанышына ортақтасып, жолға қамдануға кірісуді ескертеді. Одан соң Арыс қаласының әкімі қабылдап, жай-күйімен жақынырақ танысып, сәттілік тілеп шығарып салады. Ал Астанаға келгенде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылары мен қосшылары пойыздан түскеннен Арысқа қайтқанға дейін жағдайын жасап, құрмет-қошеметтерін көрсеткені өз алдына.    

– Межелі уақытта Ақорданың төрінен табылдық. «Қысқы бақ» деп аталатын кең әрі әсем залда президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қолымызды алып, құттықтап, жылы лебізін білдірді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы санатындағы «Құрмет» орденін жарқыратып кеудеме таққанда қатты толқып көзіме жас келгенін жасыра алмаймын. Біле білгенге бұл кез келгенге оңай жолмен бұйыра қалатын бақ емес. Ғұмырымның қырық жылын темір жол саласына арнаған қарапайым ғана жұмысшы санатындағы мына бізді президентіміздің өзі осылай қабылдап жатқаны зор мәртебе емей, немене?! – дейді арыстық теміржолшы Роза Римқызы.

Айта кетейік, Роза Гияги Қызылорда қаласының тумасы. 1980 жылдары өзі өскен өңірде жаңадан техникум ашылады да 4 жылдан соң Қызылорда теміржол техникумының алғашқы түлектерінің бірі болып бітіреді. Арыс станциясына жолдамамен жұмысқа келеді. Әр жылдары дөңес паркінің бригадирі, дистанцияның технигі, еңбек қауіпсіздігі инженері, техникалық бөлім басшысы сынды қилы-қилы қызметтердің тізгінін ұстап, шаруаның шашауын шығармай тасын өрге домалатады. Қазіргі кезде Арыс жол дистанциясында жол диспетчері міндетін мінсіз атқарып келеді.

– Алла амандық берсе, бір жылдан соң зейнетке шығамын. Бейнетіміздің зейнетін көрер шағымызға аз ғана уақыт қалды. Бір анық нәрсе, бүгінгі көрсетіліп жатқан сый-құрмет маған ғана тиесілі емес. Бұл біздің ұжымға, еліміздегі бүкіл теміржолшы қыз-келіншектерге және тұтас теміржол саласының еңбеккерлеріне көрсетілген құрмет деп бағалаймын, – дейді жүзі балбұл жайнаған Роза Римқызы.

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты