«Кедентранссервис» АҚ Атырау аймақтық филиалы Наурыз мейрамын ерекше атап өтті

Аймақтар
21.03.2025, 08:53
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы наурыз айы бірнеше ұлық мерекемен тұспа-тұс келді: қасиетті рамазан айы, Көрісу күні, 22 наурыз мерекесі және алда ораза айт бар. «Кедентранссервис» АҚ Атырау аймақтық филиалы осынау атаулы күндерге орай ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеген ауқымды шара өткізді.

Тек өз ұжымы ғана емес, айналасындағы жиырмаға тарта серіктес мекемелерді де шақырып, мерекені бірге атап өтуді ұйғарыпты. Олардың ішінде Атырау станциясы, Әскерилендірілген теміржол күзеті, Вагон депосы, ЖолДорТранс-Ақтөбе, Экатон Батыс, «Вагонсервис» АҚ, Атырау мұнай геология мекемелері белсенді болды. Бағдарламаға сәйкес қонақтарға наурыз дәмін ұсынып, наурызнама концерттік бағдарламасын тамашалап, зейнеткерлердің бір-бірімен әңгіме-дүкен құра отырып шүйіркелесіп әңгімелесуіне жағдай жасалды.  

«Кедентранссервис» АҚ Атырау аймақтық филиалы директоры Жолмырза Рсалиев барша жұртты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, береке-бірлік тіледі. Мекеме басшысы бірқатар зейнеткерге сауықтыру шипажайына сертификат табыс етті.  

Кезек әуелеген ән, мың бұралған би, күмбірлеген күйге беріліп, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған тамаша концерт болды. Түскі ас кезінде он екі қанат ақ үйде жайылған ұлттық тағам түрлеріне толы дастархан басында ақсақалдарға бас тартылды, басқаларға да сыбағалы, кәделі жіліктер таратылды. Ақжарма тілектер айтылып, бата берілді. Түстен кейін қонақтар мен шараға қатысушылар спорттың он түрінен өткен жарысты тамашалады. Атап айтқанда, қазақша күрес, қол күрес, арқан тарту, кір тасын көтеру, шахмат, бильярд, шағын футболдан жарыс, тас жинау, үздік ұлттық киім үлгісін көрсету, ең дәмді наурыз көже сайысы, «Қара жорға» биінен жарыс өтті. Жарыстың қай түрі де қызықты өтіп, талас-тартысқа толы болды. Нәтижесінде кір тасын көтеру, арқан тартыс, тас жинау, «Қара жорға» биі, ұлттық киім, ең дәмді наурыз көже сайыстарынан және шағын футболдан – барлығы 7 номинация бойынша бірінші орынды «Әскерилендірілген теміржол күзеті» мекемесі жеңіп алып, ең озық команда атанды. Қазақша күрестен бірінші орынды Атырау станциясы, қол күрестен ЖолДорТранс-Ақтөбе, ал шахмат пен бильярд ойындарынан «Кедентранссервис» АҚ Атырау филиалы командасы иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Таңнан басталған шара кешке дейін жалғасты, ал кеште ораза тұтқан жандарға дастархан жайылып, ауызашар берілді.  

«Бүгін көңіл шат, ниет ақ ерекше бір нағыз мерекелі, берекелі күн болды. Кешегі және бүгінгі буын наурызбен қабат келіп жатқан ұлық мерекелерді бірге атап өттік. «Сыйласаңыз кәріңді, жарылқаймын бәріңді» деген осындайда айтылса керек, арнайы шақырып ақ батамызды алған жас буынға алғыс айтамын. Наурыз құтты болсын, бірлігіміз нығая берсін», – деді бұрынғы бас механик, қазіргі зейнеткер Мұхтар Оразалиев.  

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды