Машинистер ауылындағы той

Аймақтар
21.03.2025, 10:27
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда локомотив пайдалану депосында биылғы Наурыз мерекесі ауқымды түрде аталып өтті. Депо ауласында алты қанат үй тігіліп, қонақтар шақырылып, көпшілік бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ардагерлер бата берді.

Ашық алаңқайға алтыбақан тігіліп, жастар бақанның екі басында кезек тербеліп ән шырқады. Ұлттық ас – наурыз көже дайындалып, ауыз бекіткен көпшілікке ауызашар берілді.  

Мерекеге орай ұйымдастырылған ұлттық ойындар қатысушылардың күшін, ептілігін, табандылығын сынады. Арқан тарту тек ерлер ғана емес, қыз-келіншектер арасында да өтті. Нәтижесінде қыздар ерлермен тең дәрежеде өнер көрсетіп, 3-орынды иеленді, 2-орын 4-колоннаға берілді. Ал бірінші орынды 5-колонна машинистері қанжығалады.  

Келесі сайыс қол күресі болды. Бұл бәсекеде Қайрат Қалмаханов 1-орын, Әміржан Қайратұлы 2-орын, Исабек Ғазиз 3-орынды иеленіп, өздерінің күш-жігері мен ерік-жігерін танытты. Ал кір тасын көтеруден Қайрат Ташимов 1-орын, Бақыт Мамбеталиев 2-орынды иеленіп, Дәурен Смағұлов 3-орынды қанағат тұтты. Бұл сайыста қатысушылардың кір тасын кемі 65-70 рет басынан асыра көтеруі көрермендерге ерекше әсер сыйлады.  

Наурыз мерекесінде сыр күрішінің бір қабын иыққа салып (ең жоғарғы нәтиже 60 рет) отырып-тұру сайысы да ұйымдастырылып, оған ардагерлер де қатысып, тамаша нәтиже көрсетті. Ләңгі тебу жарысында да машинистер қауымы арасындағы бәсеке қызу өтіп, Ерлан Әбдікәрімов бірінші орынды, Бақыт Мамбеталиев екінші орынды иеленіп, Қаныш Өтегенов үшінші орынға жайғасты. Ұлттық ойындарға белсене қатысып, жарыс шыңын бағындырған машинистерге депо басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан арнайы диплом мен сыйлықтар табыс етілді.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда