Ақтөбеге понтондық көпір паркі жеткізілді

Аймақтар
20.03.2025, 14:43
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе облысына көктемгі су тасқынына қатысты көмекке әскери понтондық көпір жеткізілді. Қапшағай станциясынан 8 вагонмен шыққан жүк пойызы бүгін Шұбарқұдық станциясына жетті.  

18 наурыз күні Ақтөбеге қарай Қапшағай станциясынан Қонаевтағы әскери бөлімнің понтон көпір паркі мен қызметкерлері жолға шықты. Темір жол қызметі әскери техниканы тиеу, жеткізу жұмыстарын тиянақты атқарды. Бүгін Шұбарқұдық станциясында әскери техниканы вагондардан түсіру, жүк көліктеріне тиеу жұмыстары ұйымдастырылды. Жүк көліктері Ойыл ауданына бағыт алды. Су тасқыны кезінде уақытша өткел бұзылып, Ойыл ауылының тұрғындары байланыссыз қалды. 15 наурыздан бастап ТЖД-нің құтқару қызметі ауыл халқын өзеннен қайықпен өткізіп жүр.

“Су тасқынына қарсы шараларға теміржол қызметі белсенді қатысты. Жол қатынасы үзілген ауылда понтон көпірмен тасымалдау ұйымдастырылады. Бүгін таңертең 8 вагонмен әскери техника жеткізілді. Түсіру жұмыстары ойдағыдай өтті. Техникалар Ойыл ауданына кетті”,- дейді Шұбарқұдық станциясының басшысы Алтай Абдуллин.  

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының орталығында енді жүк пен адамдарды понтон көпір арқылы тасымалдайды. Әскери оқу-жаттығуда пайдаланылатын жылжымалы көпір көлік қозғалысы қалпына келгенше Ойыл халқын облыс орталығымен байланыстырады.  

2024 жылы су тасқыны кезінде де понтон көпірлер теміржол арқылы тасымалданды. 16 мың халқы бар ойылдықтар биыл да понтон көпірге мінеді.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты